• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Латын Америкасымен тығыз өзара іс-қимыл жасауға мүдделі - Қ. Әбдірахманов

Қазақстан Латын Америкасымен тығыз өзара іс-қимыл жасауға мүдделі - Қ. Әбдірахманов

5 Маусым, 2017 18:38
ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астана қаласына екіжақты қарым-қатынастар тарихында алғашқы ресми сапармен келген Доминикан Республикасы Сыртқы істер министрі Мигель Варгаспен кездесті.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелерді қарастырды.

Астана мен Санто-Доминго арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуде өзара ықыласы расталды. Тараптар екіжақты сауда мен инвестициялардың көлемін экономикалық дипломатияның шеңберінде арттыруды қамсыздандыруда, олардың құрылымдарын әртараптандыруда, сондай-ақ экономикалық әрекеттестіктің ұзақ мерзімді формаларын дамыту, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақпен әріптестік жолындағы екіжақты ынталарын білдірді. М. Варгас Доминикан Республикасы Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі негізгі әріптесі ретінде қарастыратынын және доминикандық тараптың Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы екіжақты байланыстарды кеңейтуге жәрдемдесетінін атап өтті.

Халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелерін талқылау барысында екі тарап мүше болып табылатын халықаралық ұйымдар, соның ішінде 2017-2018 жылдары Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі аясында бірлескен күштерді үйлестіру қажеттігі атап өтілді.

Қ. Әбдірахманов Қазақстанның қауіпсіздік және өзекті қауіп-қатерлерге қарсы тұру мәселелері бойынша Доминикан Республикасымен ортақ ұстанымын ескере отырып, Қазақстанның Латын Америкасының және Кәріб бассейні өңірімен тығыз әрекеттесуге мүдделілігін атап өтті.

Кездесу соңында Қ. Әбдірахманов және М. Варгас Саяси декларацияға қол қойды.

Барлық жаңалықтар