- Басты
- Жаңалықтар
- 4,5 мың ерікті ЭКСПО-ға дайын (ФОТО)
4,5 мың ерікті ЭКСПО-ға дайын (ФОТО)
«Бүгінгі таңда 4,5 мың ерікті таңдалып, дайындалды – ЭКСПО-да әр айда 1500 адамнан қызмет көрсетеді. 800 ерікті қазақстандық өңірлерден жиналды: 300 – Алматы, 250-Қарағанды, 100 – Павлодар мен Қостанай. 150 ерікті 46 алыс және жақын шетелден келген . Бірінші кезең 10 маусымнан бастап шілденің алғашқы күніне дейін жұмыс істейді, екінші кезең ротацияланады, үшінші кезең тамыз айынан 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Сондай-ақ, 1,5 ерікті қала бойынша тәулік бойы жұмыс істейді: полицияға көмектесу, ауруханалар мен әуежайларда 6 тілде жәрдемдеседі. Қалалық еріктілер ЭКСПО еріктілерімен тығыз байланыста болады. Біз бекітілген мақсатты жүзеге асырамыз деген ойдамын», - деді Ә.Исекешев.
Еріктілерге үндеу жасай отырып қала әкімі ірі жобада сәттілік тіледі.
«Бізді бүгін ауқымды жоба күтіп тұр. Біз 93 күнге созылған марафонды бірге жүріп өтуіміз керек. Бұған дейін Астанада жыл бойы 800 мың турист болды. Енді үш айда біз 2 млн адамды күтіп отырмыз. Бұл өте үлкен қысым. Бізге баршаңыздың көмегіңіз керек. Сондықтан мен баршаңызға сәттілік пен күш-қуат тілегім келеді. Барлығымыздың көңілімізден шығу үшін өз кәсібиліктеріңізді көрсетсеңіздер екен деймін», - деді Ә.Исекешев.
Еріктілер кодексті салтанатты түрде оқи отырып, ант қабылдады. Одан әрі шара отандық жұлдыздар қатысқан мерекелік шараға ұласты.
Қайрат Жандыбаев
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде