- Басты
- Жаңалықтар
- 300 құтқарушы ЭКСПО қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Елордаға келді
300 құтқарушы ЭКСПО қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Елордаға келді
ІІМ ТЖК хабарлағандай, ЭКСПО қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін елдің әртүрлі өңірлерінен жеке құрамның 300 адамы және 33 техника бірлігі келді, бұл Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндірушілері, Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығы шұғыл ден қою психологтары және бригадалары, ТЖ департаментінің инспекторлық құрамы.
Халықаралық іс-шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған, ҚР ІІМ ТЖК күштері мен құралдарының жалпы саны 1218 адамды және 118 техника бірлігін, 8 тікұшақты құрайды.
Үш айналма аймағында кезекшілік көзделген, біріншісі – ЭКСПО аумағында, екіншісі – көрме айналасында және үшіншісі – елорда периметрі бойынша.
«Көрме аумағында күн сайын инженерлік-инспекторлық құрам кезекшілік жүргізетін болады. Бұдан бөлек, көрме кешенінің аумағында 3 өрт сөндіру техникасын жіне Өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 15 қызметкерін орналастыру көзделген», - делінген хабарламада.
Көрме айналасында, жақын орналасқан өрт сөндіру бөлімдерінің аумағында 11 техника бірлігі және Өрт сөндіру қызметінің, Жедел-құтқару жасағының Апаттар медицинасы орталығының жеке құрамының 46 адамы орналастырылатын болады.
«Астана қаласының жасыл белдеуін» қоса алғанда, астанаға іргелес аумақты өртке қарсы қорғауды тәулік бойы Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстары өрт сөндіру қызметтерінен тартылған күштері қамтамасыз ететін болады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын