- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша семинар-тренинг басталды
Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша семинар-тренинг басталды
Қатысушылар алғаш рет ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жобалық менеджмент бойынша жұмыс істейтін болады. Шараға Қазақстан өңірлері мен Астана өкілдері қатысуда. Қатысушылардың жалпы саны – 150.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басқару институтының директоры Ерлан Әбіл айтып өткендей, өңірлер мен орталықтар иерархиялық ұйымдастыру құрылымында емес, топтық құрамда жұмыс істейтінін айтып өтті.
«Біз бес күн бойы мемлекеттік қызметкерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлерін жобалық менеджментке үйрететін боламыз. Басты мақсат - ҚР Президентінің мақаласы аясындағы қоғамдық жаңғыру бағдарламасы жөніндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру. Біріншіден, бұл жеңіл әрі тиімді коммуникация, басқару шешімін қабылдау кезіндегі жаңа технологиялар. Жобалық менеджмент арқылы мемлекеттік басқарудағы құралды тиімді пайдалану мүмкіндігін көрсетеміз. Жалпы, 150 адам оқытылады, ол 6 топқа бөлінеді. Әр топта 25 адамнан бөлінеді», - деді Е.Әбіл.
Айта кетейік, қатысушылар 4 бағдарлама бойынша жұмыс істейтін болады: білім беру «Тәрбие және Білім», мәдениет «Рухани қазына», шағын отан «Атамекен», ақпараттық блок «Ақпарат толқыны».
Спикер қатысушылар жұмаға дейін не істейтіндігін атап өтті. Айта кетерлігі, қатысушылар арасында вице-министрлер, әкімнің орынбасарлары, бастықтар да бар.
«Барлығы жеке-жеке жобалық топтарда жұмыс істейтін болады. Әрбір топ апта бойы бір жобаны қорғайтын болады. Қорытындысында, яғни, бесінші күні жобаларды қорғау өтеді. Тұшымды жобаларды таныстырғандар сыйлыққа ие болады. Бұл ойынның ынталандыру шарты болып саналады. Бірінші күннен бастап біз барлығын аудиторияда ешқандай әкім, вице-министр жоқ екендігін, тек тренингке қатысушылар бар екенін жеткіземіз. Бұл топта ыңғайлы жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Тренингтің басты мақсаты – Елбасының мақаласында кездесетін жаңа мәдениетті құру», - деді ол.
Ерлан Әбілдің өзі «Атамекен» тобының жетекшісі болады.
«Айтып өткендей, бұл жерде барлық өңірлер бар. Менің тобымда 6 өңірдің өкілі жұмыс істейді. Біз «Атамекен» бағдарламасы бойынша жұмыс істейміз. Жақсы көрсеткішке ие боламыз деген үміттеміз», - деді ол.
Сондай-ақ, семинар жұмысында іскерлік ойындар да ұйымдастырылады, қатысушылар өздерін бастық, басқарушы және орындаушы ретінде сынайды.
Ақбота Күзекбай
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген