- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада болашақ зейнеткерлер зейнетақы төлемдерін алдын ала есептей алатын болады
Астанада болашақ зейнеткерлер зейнетақы төлемдерін алдын ала есептей алатын болады
Бұл үшін олар Астана қаласы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің бэк-офистеріне жүгінулеріне немесе қажетті құжаттарды zeinetker@goscorp.kz электрондық поштасына жолдауларына болады.
Зейнетақыны алдын ала есептеу және кеңес алу үшін еңбек кітапшасын, білімі туралы дипломын, әскери билетін, неке туралы куәлікті ұсыну қажет. Сондай-ақ әйел адамдар үшінбалаларының туу туралы куәліктері мен жеке куәліктері керек болады. Жұмыс өтілін растайтын құжаттар болмаған жағдайда, мұрағат анықтамасын, сот шешімін, оңалту туралы анықтаманы ұсынуға болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, осы пилоттық жобаны тестіден өткізу - мемлекеттік қызметтерді белсенді көрсетуге алғашқы қадам. «Біз азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу үшін бізге келулерін күтіп отырмай, оларды алуға өзімізбастамашылық жасағымыз келетінін бірнеше рет айтқанбыз. Әзірше бұл - біз бастамашылық жасаған бірінші пилоттық жоба. Сондай-ақ біз клинеттерге олар зейнетақы төлемдерін үйден шықпай-ақ алдын ала есептей алатындарын естеріне саламыз. Болашақта осындай көптеген пилоттар қызметтерді белсенді көрсетуге бағытталатын болады деп ойлаймын», -деді Оспанов.
Оспановпилоттық жобаның әзірше текАстанада тестіден өтетінін, ал азаматтар тарапынан оң пікірлер болған жағдайда, ол Қазақстанның басқа да қалаларына таратылатынын айтып өтті.Айтпақшы, зейнетақыныңалдын ала мөлшері көрсетілетін ақпаратты мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері өтініш электрондық поштаға түскеннен кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті. Егер азамат корпорацияның бэк-офисіне жүгінген болса, онда ол мұны сол күні-ақ біле алады.
Зейнетке шығуына дейін көп дегенде 3 ай қалған азаматтар ғана алдын ала есептеу үшін өтініш білдіругекеле алатынын атап айтамыз.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ»