Қазақстанда 2023 жылға қарай «KazSat-2R» спутнигін іске қосу жоспарлануда

5 Маусым, 2017 13:54
Қазақстанда 2023 жылға қарай «KazSat-2R» спутнигін іске қосу жоспарлануда. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінде өткен Үкіметтік сағатта ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов хабарлады.

Өз алғысөзінде, ҚР ҚАӨМ басшысы атап өткендей, Министрлікпен ғарыш саласының ғылыми-технологиялық базасын дамыту елдің одан әрі орбиталық топтарының дамуы және елдің экономикалық салаларының міндеттерін  шешу үшін қазіргі заманғы ғарыш инфрақұрылымы тиімділігін арттыру бойынша жүйелік жұмыс жасалып жатыр.Қазақстанда ғарыштық байланыс және жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесі табысты жұмыс істейді.

«KazSat» ғарыштық байланыс жүйесі» «KazSat-2» және «KazSat-3» Ақмола облысының Ақкөл қаласында және Алматы қаласының  маңындағы екі жер үсті басқару кешендерінен тұрады. Осы спутниктердің пайдалы жүктемесі ағымдағы жылдың мамыр айына осынша құрайды: «KazSat-2» - 67,1%, «KazSat-3» - 75,8%. Соңғы 5 жылда (2011-2016 жылдар аралығы) ғарыштық байланыс жүйесінің Ұлттық операторының үлесі ішкі нарықта спутниктік сыйымдылықты ұсыну бойынша 12% - 99% -ға дейін өсті, шетелдік операторлардың 22,4 млрд. Теңге көлемінде импортты  алмастыру қызметі қамтамасыз етілді», - деді Б. Атамқұлов.

Бұл жүйе еліміздің барлық  аумағында спутниктік және телевизиялық хабар таратуды, спутниктік байланысты және мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және жеке ұйымдардың мұқтажы үшін деректер таратуға, сондай-ақ еліміздің шалғай аймақтарына ұялы байланыстардың базалық станцияларын қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта спутниктерді қолдану мерзімінің аяқталу сәтіне оларды жоспарлы ауыстыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, 2023 жылға қарай

«KazSat-2R» жасап және іске қосу «KazSat-2» жоспарлы ауыстыру жоспарланып отыр, деп хабарлады Министр.

Сонымен қатар, Б. Атамқұлов Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің (ЖҚЗ ҒЖ) табысты жұмыс істеп тұрғаны жөнінде депутаттарды хабардар етті.

Қазіргі уақытта Жерді қашықтықтан зондтау екі спутнигінен тұратын «KazEOSat-1» жоғары дәлдікті, «KazEOSat-2» орта дәлдікті орбиталық топтамасы жұмыс істеп тұр, сондай-ақ Астана қаласындағы жер үстін басқару кешені», - деп атап өтті Министр.

«ҚР ҒЖ ЖҚЗ алынатын ғарыш суреттерін мемлекеттік органдар мен уйымдарға ұсыну бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасының шеңберінде ғарыштық суреттер мемлекеттік органдар мен ұйымдарға өтеусіз беріледі.

Айта кету керек,  тек 2016 жылы ғана мемлекеттік органдарға өтеусіз негізде шамамен құны 12 млрд.теңге құрайтын 20 млн. шаршы км. Аумақтың суреттері берілді. Мысалға, шетелдік операторлардың тарифымен ұқсас ғарыш суреттерін сатып алған жағдайда оның құны 23 млрд.теңгені құрушы еді, бұның бәрі мемлекет үшін ҒЖ ЖҚЗ отандық суреттерін импортты алмастырудан жанама экономикалық әсерді растайды.

Осы жобаның іске асуы Қазақстандық технологияларының ұшу тарихын алуға және соның салдарынан болашақ қазақстандық ғарыш аппараттарының құнын түсіруге және ғарыштық жүйелерін өндіру кезінде қазақстанды ұстауға шетелдік тапсырыс берушілер үшін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

Барлық жаңалықтар