• Басты
  • 2013 жылы Ақмола облысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі 70%-ға көбейді
25 Желтоқсан, 2013 11:40

2013 жылы Ақмола облысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі 70%-ға көбейді

Ақмола облысында 2013 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа облыстық бюджеттен 82 млн теңге бөлінді, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 70%-ға артық, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.
2013 жылы Ақмола облысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі 70%-ға көбейді

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландырудың оң динамикасы байқалады. 2013 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаражат 70 пайызға артып, 82 млн теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Жалпы, Ақмола облысында 527 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың көпшілігі этномәдени және жастардың ұйымы, олардың пайыздық көрсеткіштері 19% және 16%.

«Сонымен қатар, үкіметтік емес секторлар қызметінің тиімділігі мен дамуына кедергісін келтіретін бірқатар жағдайлар да бар. Мысалға, тіркелген 527 үкіметтік емес ұйымның шын мәнінде жұмыс істеп жатқандар саны 150, бұл деген сөз тек 28% ғана белсенділік танытуда», - деп нақтыланған хабарламада.

Бірқатар үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік қаржыландырудан басқа қаржыландыру көзіне иелік етпейді және тек қана жобаны іске асыру уақытында ғана белсенді жұмыс істейді.

Бұдан бөлек өңірде үкіметтік емес ұйымдар дамудың теңсіздігін байқатады, яғни ауылдық жерлерде ұйымдар өз жұмыстарын белсенді атқара алмауда. Үкіметтік емес ұйымдардың бар болған 30 пайызы ғана аудандық деңгейде қызмет етеді.

Осыған орай, өңірде ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ресурстық орталығын құру мәселесі қарастырылауда.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды