- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-ға дейін 5 күн: көрменің ашылуға дайындығы
ЭКСПО-ға дейін 5 күн: көрменің ашылуға дайындығы

«Бүгінде халықаралық қатысушылардың барлық павильондарының 126 мың шаршы метрі аяқталды. 4 ел құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауға жақын, бұл Шри-Ланка, Пәкістан, Беларусь және Словакия павильондары. Аталған елдер өздерінің құрылыс жұмыстарын кеш бастаған болатын. Кейбіреулерінде тендерлік операторлар процестері және тағы басқалары ұзаққа созылды», - деді И. Уразаков.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақовтың айтуынша, ЭКСПО көрмесін абаттандыру бойынша жұмыстардың шағын көлемі ғана қалған.
«Бүгінгі таңда барлық объектілер дайын, абаттандыру бойынша шағын жұмыстар көлемі жақын арада аяқталатын болады. Соңғы айларда біз әр түрлі оқыту жүргізіп, штаттан тыс жағдайларды пысықтадық», – деді Б. Қарымсақов.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев бүгінгі таңда өткізу жүйелері жұмысқа толығымен дайын екенін атап өтті.
«Көрменің барлық инфрақұрылымы дайын, біздің департаменттің жұмысы билеттік бағдарламаны ұйымдастыру және көрме аумағында қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Билеттік бағдарлама жүйесі толық жұмыс істеп тұр. Қоғамдық тамақтандыруға келетін болсақ, барлық тамақтандыру объектілері әрлеу жұмыстарын аяқтады. Қазір барлық мейрамханалар мен дәмханаларды іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп бөлісті Д. Еркімбаев.
Сондай-ақ, брифинг барысында қазіргі уақытта 1 млн 200 мыңға жуық билет сатылғаны белгілі болды.
«Бүгінгі таңда 1 200 мың билет сатылды. Бұл көрсеткіш болжанған саннан асады. Көрменің ашылуына біз 1 млн билет сатуды жоспарлаған болатынбыз», - деп қосты Д. Еркімбаев.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қауіпсіздік департаментінің директоры Рустем Чакенов бейнебақылау, дабыл және қолжетімділікті басқару жүйелерінің барлығы жөнделіп, 100% дайын екенін атап өтті.
«Жоспарланған іс-шаралардың барлығы толық көлемде орындалды. Қажетті жабдық орнатылды. Бейнебақылау, дабыл және қолжетімділікті басқару жүйелерінің барлығы жөнделді, 100% дайын. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметкерлер, құқық қорғау органдарының, жеке күзет құрылымдарының қызметкерлері қажетті оқыту курстарынан өтті», - деп ақпараттандырды Р. Чакенов.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Сервистік қамтамасыз ету департаментінің директоры Дияс Азбергенов көліктік қолжетімділік және медициналық қызмет көрсету жайында айтып берді.
«Көлік тұрақтарына, қоғамдық көлікке, тұрақтардың жұмысына келетін болсақ, бұл бағыттағы жұмыс қала әкімдігімен және жол полициясымен бірлесіп атқарылуда. Көрме аумағында жеті медициналық пункт, сондай-ақ сегіз жедел жәрдем көлігі тұрақты кезекшілік атқарады. Көрме уақытында жұмыс істейтін медициналық персонал саны – 210 қызметкер: дәрігерлер, фельдшерлер, реаниматологтар», - деп хабарлады Д. Аязбергенов.
Қайрат Жандыбаев
Автордың суреті
-
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
Нұр-Сұлтан қаласында күн сайын 00.00-ге дейін вакцинациялау жүріп жатыр -
Ықпалды күштер бәсекесі: қарулы қақтығыстан жұмсақ күшке дейін -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
Қазақстандағы COVID-19: қазіргі эпидахуал, вакцинация, жыл соңына дейінгі болжам -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді -
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ -
COVID-19: Аустралия жыл соңына дейін шекарасын ашпайды, Бразилия ресейлік вакцинаны тіркеген жоқ -
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі
-
COVID-19: Германия қатаң локдаунды 10 аптаға ұзартты, ал Малазиядағы төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғаспақ -
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды