Талдықорғанда тамшылатып суары технологиясымен жылыжай салынады

5 Маусым, 2017 11:52
Талдықорғанда «Көркем-Талдықорған» тәлімбағы болашақта өндірістік жылыжай салынып, тамшылатып суару технологиясы да енгізілетін болады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Талдықорған қаласының солтүстік шығысында 17 гектар аумақта тәлімбақ өсіру қолға алынып, қазір мұнда көк шалғын шөп, жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың және басқа да жасыл жекектің түр-түрі өсіріле бастаған.

«Әзірге мұнда 15 жұмысшы еңбек етеді. Алдағы уақытта жұмысшылар санын арттыруға қажеттілік туындап отыр. Қазіргі кезде 5 техника сатып алынған, қажетті техника қатарын әлі де толықтырмақ ниетте», - деді  аталмыш нысанның агрономы Сейітхан Байбұқашев.

Осыған дейін Талдықорған қаласын көгалдандыру ісіне қажетті көк өскіннің бәрі де сырттан сатып алынатын. Енді қала өз аумағын өзі өсірген жасыл желекпен көмкеруге мүмкіндігі бар. 

 

Барлық жаңалықтар