- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы кейбір жарлықтарға өзгерістер енгізді
Мемлекет басшысы кейбір жарлықтарға өзгерістер енгізді
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы
29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
«Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген 2-тарауда:
«Б» корпусы бөлімінде:
В санаттары тобының В-4 санатында:
«Бас консультант» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Әдеп жөніндегі уәкіл4»;
С санаттары тобының С-3 санатында:
«Консул – консулдықтың басшысы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Әдеп жөніндегі уәкіл4»;
D санаттары тобының D-3 санатында:
«Баспасөз хатшысы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Әдеп жөніндегі уәкіл4»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен 4 толықтырылсын:
«4 Аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, шет елдегі мекемелері бар орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің аппараттарында енгізіледі.»;
2) «Азаматтардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларында:
4-1-тармақтағы «, облыстық маңызы бар қаланың төртінші санат лауазымдарының орынбасарлары лауазымдары, осы өңірдің» деген сөздер «төртінші санат лауазымдарының орынбасарлары лауазымдары және» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 75-76, 552-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеде:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын, Әдеп кодексін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерін басшылыққа алады.
Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, шет елдегі мекемелері бар орталық мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің аппараттарында енгізіледі.
Аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволарының аумақтық бөлімшелері жоқ мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарында және аумақтық бөлімшелерінде, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде, шет елдегі мекемелерде, тексеру комиссияларында, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар әкімдерінің аппараттарында әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары осы мемлекеттік органдардың қызметшілеріне жүктеледі.
Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары басшылық қызмет атқаратын, сондай-ақ ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.
3. Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымын атқаратын адам осы мемлекеттік органдардың құрылымына кіретін ведомстволардың және аумақтық бөлімшелердің, шет елдегі мекемелердің, аудан деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне әдіснамалық басшылық жасауды үйлестіреді және жүзеге асырады әрі орталық атқарушы органның жауапты хатшысына бағынады, ал жауапты хатшы немесе көрсетілген лауазымды адамдар болмаған жағдайда – мемлекеттік органның аппарат басшысына не қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға құқығы бар адамға бағынады.».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады