Алматыда мемлкеттік рәміздері күніне арналған велошеру өтті (ФОТО)

5 Маусым, 2017 10:13
Алматыда ҚР мемлкеттік рәміздері күніне арналған алтыншы велошеру өтті. «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту жобасы аясында өткізілген спорттық шараға 1000-ға жуық адам қатысты.

Кәсіпқой спортшылар мен әуесқойлар «Нұрлы Тау» бизнес орталығынаң басталып ҚР тұңғыш президенті саябағында аяқталған 9 шақырымдық қашықтықты бағындырды.

Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен ЭКСПО халықаралық көрмесіне арналған билеттер ойнатылды.

«Айта кетсек, осы велошеру «Спорттық Алматы» жобасы аясында 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудің алтыншысы болып табылады», - дейді ұйымдастырушылар.

Барлық жаңалықтар