- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Байбек: Патриотизм Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады
Б.Байбек: Патриотизм Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады
Алматы әкімі Бауыржан Байбек шынайы патриотизм мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталатындығын айтты. Өйткені, олар мемлекеттікті, тәуелсіздікті, көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігін білдіріп, ұлы істер мен ұлттық мақтаныштың қайнар көзі болып табылады.
«Біз, алматылықтар мемлекеттік рәміздердің,Конституцияның, ұлттық валютаның Алматыда бекітілгені үшін мақтанамыз. Бұл - біздің туған өлкеміздің, жалпы еліміз тарихының алтын парақтары. Мемлекеттік рәміздердің терең мағынасы мен мәні бар. Олар ұлттық рухты, тарих пен мәдениетті, еліміздің қайталанбас ғаламат бейнесін айшықтайды. Президент айтып өткендей, жеке ұлттық кодқа айналып, кез –келген ұлтты өміршең ұлтқа айналдырады. Сонымен бірге, мемлекеттік рәміздер Елбасы жариялаған жаңару рухының баға жетпес іргетасы болумен қатар, халқымызды өрелі биіктерге жетелейді. Ал, бұл- ашықтық, өзгеріске дайын болу, болашаққа ұмтылу. Тәуелсіз Қазақстанның басты мақсаты - бәсекге қабілетті дамыған елдердің қатарына еніп, қуатты да айбынды елге айналу», - деді Б.Байбек.
Ол сонымен қатар өскелең ұрпақ үшін мемлекеттік рәміздердің тәрбиелік мәні орасан екенін де айтты. Қоғамдық сананың өзгеруі ХХІ ғасырдың басты мұраты- білімге, ашықтыққа, креатвитікке, прагматизмге жол ашады. Бұл - адам ретінде, ұлт ретінде фундаментальді жеңістің басты кепілі.
«Өскелең жас ұрпаққа қажетті барлық жағдайды жасау –біздің кезек күттірмейтін міндеттеріміз. Өздеріңіз білесіздір, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы, 2017 жыл Алматыда «Жастар жылы» деп жарияланды. Осыған орай, мегаполисте «Жастарға 2020 жылға дейін қолдау көрсетудің Жол картасы» жасалды. Ашықтық, есеп беру қағидаларын басшылыққа ала отырып, осынау құжатты жасау барысында біз жастардың ұсыныстарын негізге алдық. Жол картасы қаладағы жастар ұйымдарының арасында қызу талқыланды, Қоғамдық кеңесте мақұлданып, қала мәслихатында бекітілді», -деді қала басшысы.
Атап өтерлік жайт, Жол картасында сапалы білім, тұрғын үй, жұмыспен қамту, тиімді «әлеуметтік лифтер», түрлі бастамаларға қолдау білдіру сияқты бүгінгі күні жастарды толғандыратын мәселелердің бәрі қамтылған.
Мерекелік іс шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Алматылық жастар үшін «Мистерионс», «КешYou» топтары, Төреғали Төреәлі, Камшат Жолдыбаева, Әли Окапов, Тұрар Рахимберлин, Жанна Орынбасарова, Ayree және т.б. әншілер өнерлерін көрсетті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығы қала бойынша аталып өтілуде
-
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
Рәміздерді қадірлей білеміз бе