- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік қызметшілер жобалық басқару негіздеріне оқытылады
Мемлекеттік қызметшілер жобалық басқару негіздеріне оқытылады
Тренингтің бірегейлігі оқыту барысында қатысушылардың қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға бағытталған жобаларды әзірлеуінде.
Тренингке Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары, облыс әкімдерінің орынбасарлары, вице-министрлер және мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысады.
Жобаларды әзірлеу барысындағы сарапшылар кіші бағдарламалардың жетекшілері: білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев, дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев болады.
Тренинг Президенттің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында айтылған "Рухани жаңғыру" патриоттық бағдарламасын іске асыруға тартылған мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Мемлекеттік ұйымдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың 150 қызметкері жобаларды әзірлеу бойынша бір топ болып жұмыс істейтінін айта кету керек.
Тренингтің жабылуында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асырудың негізіне айналатын жобалар мен бағдарламаларды қорғау жоспарланған.
«Тренинг нәтижесі жобалық менеджменттің заманауи құралдарын пайдалана отырып, мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейлерінде жобалық офистердің жұмысына мемлекеттік қызметшілерді тарту болмақ», - делінген хабарламада.
Жобалық офистерді енгізу Қазақстанда іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттырады.
Тренингті халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған Академия оқытушылары өткізеді.
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер