• Басты
  • Жаңалықтар
  • "Самарқанд - Астана - Нұрлы жол" жаңа халықаралық жүрдек поезы жұмысын бастады (ФОТО)

"Самарқанд - Астана - Нұрлы жол" жаңа халықаралық жүрдек поезы жұмысын бастады (ФОТО)

3 Маусым, 2017 14:32
"Самарқанд - Астана - Нұрлы жол" жаңа халықаралық жүрдек поезы жұмысын бастады, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.

Өзбекстанда №452 халықаралық жүрдек поезын салтанатты түрде іске қосу шарасы өтті.

Поезд Сарыағашта аздап аялдағаннан кейін Шымкент қаласының вокзалына келді. 

«Бұрын «Алматы-Ташкент» теміржол бағыты ашылған болатын, ал бүгін біз "Самарқанд - Астана - Нұрлы жол" халықаралық жүрдек поезының бірінші рейсін қарсы алып отырмыз. Бұл ЭКСПО-2017 қарсаңындағы жақсы жаңалық. Енді Өзбекстанның ең көне қаласы Самарқандтан Астанаға аптасына бір рет арнайы поезд жүре бастайды. Жұма күні Шымкент арқылы Астанаға, ал жексенбі күні Шымкенттен Ташкентке, одан әрі Самарқандқа», - деді ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт.

Теміржол бағыты екі мемлекеттің де туризм индустриясының дамуына және бауырлас елдер арасындағы мәдени байланыстардың нығаюына ықпал етеді. 

"Самарқанд - Астана - Нұрлы жол" халықаралық жүрдек поезын іске қосу туралы шешім екі Мемлекет басшыларының Астанада және Сарыағашта кездесуінен кейін, сондай-ақ үкіметтік жұмыс тобының Ташкентте болуы нәтижесінде қабылданды. Осы кездесулердің нәтижесінде Қазақстан мен Өзбекстан өндірістік, сауда-логистикалық, көлік және басқа салалардағы өзара қарым-қатынастарды шоғырландырды. 

Бұдан бөлек, жаңа жоғары жылдамдықты поезд қонақтарды тасымалдай отыра, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне үлкен үлесін қоспақ. 

Барлық жаңалықтар