- Басты
- Италияның барлық павильондарына танымал ғалымдардың есімдері берілген (ВИДЕО)
Италияның барлық павильондарына танымал ғалымдардың есімдері берілген (ВИДЕО)

Қазақстандағы Италия елшісі Стефано Раваньянның айтуынша, павильонның әр залы италияндық алаң кеңістіктерін көрсетеді, ол адамзаттың дамуына үлкен үлес қосқан италияндық ғалымдардың құрметіне берілген.
«Павильон Италия зерттеушілері мен атақты ойшылдарын көруге мүмкіндік береді. Ең басты алаң - Леонардо да Винчи, одан әрі Алессандро Вольта, Энрико Ферми и Антонио Пачинотти. Аталмыш бағыт төрт павильонды басып өтеді, аралау барысын визуалды-аудио контент сүйемелдейді», - деді елші.
Сондай-ақ, Астанадағы көрмеде өздерінің ғылыми жетістіктерін Италияның 15 өңірі көрсетеді.
«Мен сәулетші Паоло Дезидериге алғыс айтқым келеді, біздің павильонды сол адам құрастырған еді. Біздің ЭКСПО-ға келуіміз әрбір өңірге де қатысты, бір апта бір өңірдің мүмкіндігін паш етуге беріледі. Әрбір өңірлік делегациядан мемлекеттік шенеуніктер, компаниялар мен ғылыми-мәдени қайраткерлер келеді. Барлығын өз павильонымызға шақырамыз», - деді Стефано Раваньяна.
Бір залдан екінші залға өту арқылы Италияның тарихы мен болашағынан хабардар болуға мүмкіндік бар.
Павильонның бас сәулетшісі Паоло Дезидери айтып өткендей, павильон 4 негізгі зал мен бір-бірімен байланысқан залдардан тұрады.
«Біздің түсінігімізде болашақтың энергиясы өте жоғары технологиялармен байланысты. Ал, біз бұл технологияларсыз , энергияны өзге көздерден алуды қарастырып жатырмыз. Оның ішінде мәдениет те бар. Ал, мәдениет дегеніміз – табиғи, минералдық ресурстар мен мәдени социумды құрудағы еркін ойлардың бірігуі», - деді ол.
Дизайнер ретінде Паоло Дезидери Италияның тарихи қалаларын таңдаған.
«Біздің павильонда тарихи қалалар қабырғаның көмегімен сөйлейтін болады. Біздің бағытымыз қайта жандану кезеңінен болашақтың энергиясына дейінгі уақытты қамтиды. Барлық тарихи сәт баяндалады. Бұл әсерді толық алу үшін біз визуалды контент сулетшісі Станислао Кантоно ди Чеваны шақырдық», - деді П.Дезидери.
Қатысушыларға италияндық новаторлар әзірлеген технологиялар таныстырылады.
Айта кетейік, Италияның экономикалық даму министрлігі аталмыш елдің павильонын құруға 3 млн евро бөлді.
Ақбота Күзекбай
Фото: Абзал Қалиев
-
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі
-
Әлеуметтiк-экономикалық даму-2020: Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, сауда айналымы және инвестиция
-
ҚР сайлау: Барлық сайлау учаскесінің жұмысы басталды
-
Жер қойнауын пайдалану құқығы берілген онлайн аукцион қазынаға 61 млрд теңге әкелді
-
Назарбаев: Праймериздерді әділ, ашық және барлық қатысушы үшін тең жағдайда ұйымдастыру керек
-
ІІМ барлық өңірлерде дәрі-дәрмек құнының жоғарылауына байланысты полиция рейдтерін өткізуде
-
23 маусымнан бастап Нұр-Сұлтанда барлық балабақшалар жабылады
-
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
-
Әл-Фараби ғаламдық деңгейдегі философ – Ж.Ибрагимов (ВИДЕО)
-
Әлеуметтік бизнес қаржырлы еңбекті қажет етеді – М.Аматов (Видео)
-
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин
-
18 мамырда елордада қандай қызмет көрсету орындары ашылады (Видео)
-
Теміржол вокзалдары қандай тәртіппен жұмыс істеп жатыр (Видео)
-
Мамандандырылған ХҚО-лардың жұмысы қалай жүруде (ВИДЕО)
-
Карантин: Елорда тұрғындарымен әдемі (Видео)

