- Басты
- Жаңалықтар
- Г. Шиповских: Мемлекеттік рәміздер күні жастарды жігерлендіруі тиіс
Г. Шиповских: Мемлекеттік рәміздер күні жастарды жігерлендіруі тиіс
Мемлекеттік рәміздеріміз – еліміздің мызғымас тірегіміздің бірі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, Мемлекеттік Елтаңбасы мен Әнұраны – тәуелсіздігімізді айқындайтын қасиетті нышандарымыз.
«Бүгінгі күн, расында, өте маңызды. Өте керемет күннің бірі деп біз есептейміз. Бүгінгі таңда мемлекеттік рәміздерімізге 25 жыл толғалы отыр. Оның ішінде Елбасымыздың бастауымен, оның салиқалы саясатының арқасында біздің рәміздеріміз көптеген жерде туымыз көкке жоғары көтеріліп, біраз жерлерде өзін көрсетіп жүр. Яғни, бұл спорт саласында болсын немесе үлкен саяси бастамаларымызда болсын, еліміздің көк байрағы өзін жан-жақты танытып жүр», - деді депутат.
Сондай-ақ, Геннадий Шиповских барша қазақстандықтарды осындай ерекше де айтулы күнмен құттықтап, жастарға одан әрі патриоттық негізде шыңдалу керектігін жеткізді.
«Бүгінгі күн - жастарды жігерлендіретін күн. Себебі, әр жасөсіпірімнің, еліміздің әр азамтының еліне, халқына деген сүйіспеншілігі болады. Бұл шақ – патриоттық сезімдер оянатын кездер емес пе. Сондықтан, Мемлекеттік рәміздер күні – жүрекке жақын. Қай ұлттың өкілі болсақ та, біз еліміздің, Қазақстанның азаматымыз. Бұл күн барлығымыз үшін маңызды. Сонымен қатар, осы сәтті пайдаланып, барша қазақстандықтарды осындай айтулы мерекемен құттықтаймын», - деп лебізін білдірді Геннадий Шиповских.
Еске сала кетейік, тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет 1992 жылғы 4 маусымда бекітілген еді. Мемлекеттік рәміздер күнінің негізгі идеясы - қазақстандық патриотизмді және ұлт бірлігін нығайту, Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау.
Ақбота Күзекбай
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды