• Басты
  • Жаңалықтар
  • "Бәйтерек" холдингі мен Еуропа инвестициялар банкінің ынтымақтастығы туралы

"Бәйтерек" холдингі мен Еуропа инвестициялар банкінің ынтымақтастығы туралы

2 Маусым, 2017 20:49
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев Еуропа Инвестициялар Банкінің Вице-Президенті Вазил Худакпен кездесу өткізді, деп хабарланды холдингте.

Ерболат Досаев пен Вазил Худак бірлескен жұмыс перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, «Бәйтерек» холдингінің корпоративтік кепілдігімен «Даму» қорының (Холдингтің еншілес ұйымы) 200 млн еуроға дейінгі көлемде қоршаған ортаға оң әсерін тигізетін отандық жобаларды іске асырушы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруы қаралды. 

Тараптар сонымен қатар технологиялық брокер рөлін Холдингтің еншілес ұйымы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҰ атқара алатын инновацияларды енгізу және трансферт саласында даму мүмкіндігін қарады.

Сонымен қатар, шамамен 50%-ы кәсіпкерлерге энергетика, инфрақұрылым және өнеркәсіптік өндіріс салаларындағы «жасыл» жобаларды қаржыландыру үшін 120 млн еуроға дейінгі сомаға Холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның даму банкі» АҚ кредиттік желісін ЕИБ ұзартуы туралы келісімге қол қойылды. 

Кездесу қорытындысы бойынша Ерболат Досаев пен Вазил Худак ынтымақтастықты жалғастыруға қызығушылықтарын білдірді.

Барлық жаңалықтар