- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана су арнасы» үш күн электр станциясын іске қосты
«Астана су арнасы» үш күн электр станциясын іске қосты
Кәсіпорын хабарлағандай, жобаның басты міндеті – энергия үнемдеуші технологиялардың тиімділігін талдау.
«Қуаттылығы 5 кВт болатын екі күн панелі – су айдауыш және кәріздік сорғы станцияларында, 10кВт болатын біреуі сорғы сүзгі станциясында орнатылды. Күн панельдерінің қуаттылығы аумақты жарықтандыру және объектілерді желдету үшін электр қуатының қажеттіліктерін толығымен өтейді. Осылайша, енді күн энергиясының арқасында электр энергиясының барлық орталықтандырылған өндірісі қоршаған ортаны ластамайтын болады. Оған қоса, 2020 жылға қарай, оның құны көмір энергиясынан 2 есе арзан болмақ», - деп атап өтті «Астана су арнасы» МКК бас директоры Табиғат Зейнұлқабден.
Сондай-ақ, ол жоғарыда аталған объектілерде фотоэлектр қондырғыларын енгізу электр энергиясының сапасын арттыруға, шамдардың қызмет ету мерзімін және техникалық қызмет көрсету аралықтарын ұлғайтуға мүмкіндік беретінін де айтып өтті.
Бұдан бөлек, жалпы жаңа технологиялардың енгізілуі есебінен электрмен жабдықтау жүйесінің істен шығуы, жарықтың авариялық сөнуі, техникалық қызмет көрсетуге кететін уақыт азаяды, бұл жөндеу персоналын басқа міндеттерді орындауға бағыттауға мүмкіндік береді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда