Курчатов қаласында техно-туризм дамып келеді

2 Маусым, 2017 19:13
ШҚО-да туризмнің тағы бір түрі дамып келеді. «ЕХРО – 2017» көрмесіне орай техно-туризм саласы аясында Курчатов қаласында туристерге арналған сапар ұйымдастырылады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ұлттық ядролық орталық пен шаһар басшылығы бірлесе құрған техно-туризм жобасы аясында өткен жылдың өзінде қалаға 1 456 турист келген. Бұл жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдақанов мәлімдеді.

«Техно-туризм аясында келген қала қонақтары ядролық сынақ өткен алаңда болып, ядролық жарылыстан кейін пайда болған көлді тамашалай алады. Ағымдағы жылы Астанада өтетін «ЕХРО – 2017» көрмесіне орай техно-туризмді жандандырып отырмыз», – деді Алмас Оңдақанов.

 

Барлық жаңалықтар