• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандықтар мемлекеттік символдар, патриотизм және Отаны жайында (ФОТО)

Қазақстандықтар мемлекеттік символдар, патриотизм және Отаны жайында (ФОТО)

2 Маусым, 2017 18:16
Алдағы демалыс күндері Қазақстан патриоттық мерекелердің бірін атап өткелі отыр. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілген сәттен бері 25 жыл өтті. 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні. Осы жайында қазақстандық жастар не ойлайды және олар үшін патриотизм нені білдіреді? Қазақстаның дамуы үшін олар қандай үлес қосуға әзір? Осы жайында Strategy2050.kz АА материалынан оқыңыз.

Астаналық мәслихат депутаты Саят Батпенов Мемлекеттік рәміздер күні қазақстандықтарға Отанына деген сүйіспеншілікті көрсетуге мүмкіндік беретінін айтты.

«Бала кезімде депутаттардан Қазақстан туы түріндегі омырау белгісін көретінмін. Сол кезде болашақта мен де депутаттардың қатарына қосылып, сондай белгі алғым келетінін түсіндім. Мемлекеттік рәміздер күні жиі патриотизммен байланыстырылады, алайда, біз күнде патриот болуымыз керек, патриотизм сезімі біздің жүрегімізде болуы тиіс. Осы мереке Отанымызға деген сүйіспеншілікті білдіруге мүмкіндік береді. Шынымды айтсам, ту түріндегі омырау белгісін күнде таға отырып, өз әрекеттерім, сөздерім, еліміздің болашағы үшін үлкен жауапкершілік сезінемін. Елбасы айтқандай, жас ұрпақ жақсы оқып, өз денсаулығын ойлауы, Отанын сүюі тиіс. Сонда Отанымызды күшті әрі қуатты ете аламыз», - деді астаналық мәслихат депутаты Саят Батпенов.

Қазақ эстрадасының әншісі Ринат Малцагов әр түрлі қайырымдылық акцияларына жиі қатысады, мысалы, 1 маусымда ол елорданың әлеуметтік мекемелерінде тұратын балаларды көріп қайтты. Оның пікірінше, патриотизм сезімін сөзбен айтып жеткізу қиын, оны іштей сезіну қажет.

«Осынау айтулы әрі маңызды мерекемен барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Мемлекеттік рәміздер күні әрбір қазақстандық үшін басты мерекелердің бірі болуы тиіс. Сонымен қатар, алдағы уақытта елімізде жарқын оқиғалар орын алғалы отыр, мысалы, ЭКСПО халықаралық көрмесі. Бұл да бір есте қаларлық оқиғалардың бірі. Патриотизм сезімін сөзбен айтып жеткізу қиын, оны іштей сезіну қажет. Патриотизм, ең алдымен, адамның өзінен, туған жеріне, қоршаған ортасына деген қарым-қатынасынан басталады. Мемлекеттің қолдауынан басқа, біз өз тарапымыздан Қазақстанның дамуын өз шығармашылығымызбен қолдай аламыз. Бұл мәдени мұра, еліміздің дамуына қосқан үлесіміз», - деп санайды эстрада әншісі.

Астананың «Студенттер» саябағында өткен салтанатты шараға жас буын өкілдері жиналды. Технологиялық колледж студенті Кристина Вялова Қазақстанмен байланысты өзінің болашақ жоспарларымен бөлісті.

«Қазақстандықтарды осы айтулы күнмен құттықтаймын. Ұзақ сапардан кейін туған жеріңе қуанышпен оралған кездегі сезімді патриотизм деп санаймын. Сол мезетте жүрегің қуанышқа толы болады. Болашақта шаштараз болғым келеді және өз армандарымды Қазақстанда іске асыра алатыныма қуаныштымын. Мен осы елде тудым және туған-туысқандарымның барлығы да осы жерде тұрады», - деді технологиялық колледж студенті Кристина Вялова.

4 маусым күні еліміздің тарихында жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде мәңгі қалуы тиіс. Бұл мереке қазақстандықтарды бір үлкен отбасындай біріктіре түседі.

Гүлтай Хасенова

Фото Арман Мұхатов

Барлық жаңалықтар