Көкшетауда 6 несиелік тұрғын үй жобасын жүзеге асыру көзделуде

2 Маусым, 2017 16:52
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Ақмола облысы әкімдігі мен «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі»АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады аймақ әкімдігі.

Құжатқа сәйкес, облыс әкімдігі жер телімін бөліп, бірыңғай үлгідегі ұй құрылысын ұйымдастырады және қажетті коммуникацияларды тартады. Салынған үйлер кезекте тұрғандарға 1 шаршы метрі үшін 120 000 теңгеден ұсынылады. Оны олар  «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі»АҚ  жеңілдетілген несиесі арқылы сатып ала алады.

Айта кетерлік жайт, «Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» бағыты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Ақмола облысы әкімдігі тұрғын үй қажеттілігін анықтау үшін сараптама жүргізеді.

Тұрғын үй құрылысын 9 ауданның 14 елді мекенінде және қалаларында жүргізу жоспарланған. Бүгінде жер телімдерін инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдарды тарту үшін жер телімдері және осы мақсатта жобалық сметалық құжатнама дайындалуда.

«Сонымен, 2012-2016 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама аясында Ақмола облысында ТҮҚЖБ салымшылары үшін 51,7 мың шаршы метр немесе 600 пәтер пайдаланылуға берілді. Ал ағымдағы жылы Көкшетау қаласында жалпы ауданы 13,1  шаршы метрді немесе   206 пәтерді құрайтын 6 несиелік тұрғын үй жобасын жүзеге асыру көзделуде», - делінген хабарламада.  

Атап өтер болсақ, Елбасы ұсынған «Нұрлы жер» бағдарламасы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде негізгі бағыттардың бірі болып табылады. 

Барлық жаңалықтар