- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Салық туралы өзара әкімшілік жәрдем көрсету Конвенциясының құрамына қосылды
Қазақстан Салық туралы өзара әкімшілік жәрдем көрсету Конвенциясының құрамына қосылды
25 Желтоқсан, 2013 10:40
Париждегі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Салық сұрақтары жөніндегі өзара әкімшілік жәрдем көрсету жөніндегі Конвенцияға қосылу туралы Актіге қол қою рәсімі өтті, деп Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Еліміздің Үкіметі атынан құжатқа Қазақстанның Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Дәненов қол қойды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған Конвенцияға 63 мемлекет қосылған. Оның негізгі мақсаты болып халықаралық деңгейде салықтан жалтаруға қарсы күресу табылады. Мүше мемлекеттер бір-бірімен ақпаратпен алмасу, салық бақылауын өткізу, сондай-ақ салықтық қарыздарды қайтару және т.б. шаралар арқылы өзара қолғабыс көрсетіп отырады.
Белгіленген тәртіпке сәйкес, Конвенция мақұлдаудан өткеннен кейін үш ай мерзім ішінде күшіне енеді. Бұл елімізде және басқа да мемлекеттерде қазақстандық жеке және заңды тұлғаларға салықтық бақылауды жүйелендіруге мүмкіндік береді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты