- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат комитеті конституциялық заңдарға түзетулерді қарады
Сенат комитеті конституциялық заңдарға түзетулерді қарады
Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңына Орталық, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларына сайлау үдерістеріне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру және өткізу жөнінде өкілеттік қосу ұсынылып отыр.
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау үшін үміткерлер бойынша Парламент Мәжілісімен консультациялар өткізу, сондай-ақ Сенаттың Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қызметке сайлауы және қызметтен босату тәртібін реттеу туралы толықтырулар енгізіледі.
«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңына тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының мәртебесін, елдің біртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптерін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесін өзгерту мәселелері референдум талқысы бола алмайтынын белгілейтін өзгерістер енгізіледі.
Одан басқа, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында Конституциялық кеңесітің шешімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының бастамасы бойынша қайта қарауға жататыны туралы ереже енгізіледі. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
-
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Көлік салығын есептеу мен төлеуде қандай өзгерістер бар -
Л.Рамазанова: Жаһандық дағдарысты еңсеруде, экономиканы ілгерлетуде әйелдер маңызды рөл атқарады -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Есеп комитеті: Бюджет қаржысын тиімсіз жоспарлау және жұмсау көбейді -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады -
Сенат: Заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек -
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды -
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ» -
Cайлау-2021: Үкімет басшысы, Сенат Төрағасы, Мемлекеттік хатшы алғаш болып дауыс берді