Мәдениет министрлері ШЫҰ-ның бірлескен хаттамасын қабылдады

2 Маусым, 2017 11:47
Халықаралық ұйымдарға қатысушы елдер өкілдерінің кездесуінде мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықтың жетістіктері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша  ШЫҰ министрлері  ШЫҰ аясында екіжақты  және көпжақты  мәдени байланыстарды өзара дамыту және ынтымақтастық пен сыйластықтың нығаюына, тараптар мәдениеті алуандығының сақталуын  қарастыратын бірлескен хаттама қабылданды.

Отырыс қатысушылары  ШЫҰ кеңістігінде мәдени  айналымды қалыптастыру мен  Жібек Жолы бойындағы  елдер арасындағы ынтымақтастықты  нығайтуға келісті.

Хаттамаға сәйкес,  мүше елдер Шанхай ынтымақтастық елдерінің мәдени мұрасы  мен тарихи  күзет  саласындағы ынтымақтастықты белсенділетуге дайындық танытты. Сондай-ақ, заңсыз мәдени құндылықтарды тасымалдау немесе көшірудің алдын алу, театр және музей, кітапхана  саласында тәжірибе  алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

Айта кетейік, Астанада  ШЫҰ мүше-елдері мәдениет министрлерінің 14-ші отырысы өтуде.

Қайрат Жандыбаев 

Барлық жаңалықтар