- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қытай бәсекелестікті дамыту саласында ынтымақтасады
Қазақстан мен Қытай бәсекелестікті дамыту саласында ынтымақтасады
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік өнеркәсіп пен сауда әкімшілігінің (SAIC) делегациясымен кездесу өткізілді.Аталған кездесу аясында қытайлық тарап ҚХР-да жүргізілген кәсіпкерлік жүйесі реформасын таныстырды, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігі мен Мемлекеттік өнеркәсіп пен сауда әкімшілігінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, өткізілген кездесу аясында ҚХР Мемлекеттік өнеркәсіп пен сауда әкімшілігінің және Ұлттық экономика министрлігінің арасында Бәсекелестік саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
«Аталған Меморандумның мақсаты Қазақстан мен Қытай арасындағы бәсекелестік саясат, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманы құқықтық қолдану саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жалпы аясын белгілеу болып табылады.Аталған Меморандумды жүзеге асыру аясында мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастық ұйғарылуда:монополияға қарсы заңнама және құқық қолдану саласында ақпарат алмасу, Қытай мен Қазақстанда ұйымдастырылған халықаралық конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысу, оның ішінде бәсекелестік және басқа да істерді қараумен айналысатын лауазымды тұлғалар үшін кәсіби тренингтер өткізу», - делінген хабарламада.
Кездесудің қорытындысы бойынша аталған Меморандумды жүзеге асыру аясында Іс-қимыл жоспарын әзірлеуге шешім қабылданды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды