- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО шаруалары Ресейге 300 тонна қарбыз экспорттады
ОҚО шаруалары Ресейге 300 тонна қарбыз экспорттады
2 Маусым, 2017 12:36
Оңтүстік Қазақстанда қарбыз пісті. Өңір шаруалары бүгіннің өзінде алғашқы 300 тонна қарбызды Ресейге экспорттап үлгерді.
ОҚО әкімдігі хабарлағандай, сарыағаштық шаруалар аудандағы қарбыз өсіретін Бозай, Жамбыл ауылдық округтеріндегі 720 га егістіктен 170 тонна қарбыздың ерте пісетін сұрыпын жинап, көрші мемлекеттің Магнитогорск және Белорецк қалаларына жөнелтті. Жергілікті қожалық иелері қарбыздың келесі партиясын саудалауға дайындалып жүр. Таяуда 200 тонна қарбыз тағы да еліміздің солтүстік аймақтарына жол тартады деп күтілуде.
Жалпы, сарыағаштықтар бақшалықтан өткен жылы 105 мың тонна қауын-қарбыз жиған болатын. Биылғы болжам 120 мың тоннаға жетеді дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары. Ал Сарыағашта бақша өнімдері 4,5 мың га алқапқа егілсе, оның 3,5 мың га жерінде қауын-қарбыз бапталуда. Оның ішінде 720 га танап ерте пісетін қарбыз түріне арналған.
Мақтааралдық қарбыз өсірушілер де көршілес аудандағы әріптестерінен қалысар емес. Онда бүгінде 100 тонна қарбыз Ресейге экспортталып үлгерген. Аудандағы «Атамекен» ауылдық округінің диқандары қарбыздың әр келісін 150 теңгеден өткізіп жатыр. Ал жалпы биыл Мақтаарал ауданында 5700 гектарға қарбыз егілген.
Шардаралық шаруалардың да бақша өнімдері баршылық. Ондағы Жаушықұм ауылдық округінде қарбыз егумен шұғылданып жатқан диқандар алғашқы 30 тонна өнімді Ресейдің Якутия автономиялық республикасына сатылымға жөнелтті.
Жалпы, биыл Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 53,4 мың га жерге бақша дақылдары егілген. Оның 32 мың гектарында қауын дақылы өсіп жатса, 21 мың гектары қарбыз алқабы. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының болжамынша, 1 шілдеге қауын дақылы да пісіп, өңір нарқына жол тартпақ. Алдын ала есеп бойынша биыл да аймақ диқандары 1 млн тоннаға жуық қауын-қарбыз жинап, көл-көсір өнімге қарық болады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады -
Қазақстанда 53 млн тонна көмір өндірілді -
Қазақстандықтарға азық-түлікке төлем тағайындалады және жылу үшін төленген қаражат қайтарылады -
Тоқаев гуманитарлық көмек үшін Ресейге алғыс айтты -
Қазақстанда күніне 800 тоннадан астам құс еті өндіріледі -
Елордада жедел жәрдем қызметі күніне 3000-ға жуық қала тұрғынына көмек көрсетеді -
Шардаралық диқандар 6500 тонна қарбыз экспорттады -
Мақтааралдық диқандар мың тонна қарбызды экспортқа шығарды -
Таразда сыйымдылығы 50 мың тонна болатын көтерме-тарату орталығы салынуда -
Алғашқы қазақстандық қарбыз Ресейге жеткізілді -
Өткен жылы Қазақстанда өндірілген кен 119 млн. тоннага жеттi -
Түркістанға Атыраудан 20 тонна балық жеткізілді