- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ШЫҰ елдері мәдениет министрлерінің 14-ші отырысы өтуде (ФОТО)
Астанада ШЫҰ елдері мәдениет министрлерінің 14-ші отырысы өтуде (ФОТО)
Кездесуге Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Қазақстанның министрлерінің өкілдері келді.
ҚР мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келелі отырысты аша отырып, мемлекетаралық диалогтың тиімділігі мен маңыздылығын мәдениет саласы тұрғысынан атап өту өте қиын екенін ескертті. Қазақстан халықаралық ұйымның мәдениет векторын дамыту бойынша қадамдарын әу бастан қолдап келеді.
«ШЫҰ әлемде ең белсенді, әрі тұрақты дамып келе жатқан аймақтық ұйым болып табылады. Ол 16 жыл ішінде мүше-мемлекеттердің экономикасымен қауіпсіздігін нығайтуға үлес қосты және қосып келеді де», - деді А. Мұхамедиұлы.
Министр атап өткендей, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында мәдениетсіз мемлекеттің экономикалық пен саяси табысы мағынасыз деп ескерткенін еске салды.
«Мәдениет елдеріміз арасындағы байланыстың берік платформасына айналу керек. Табысты мемлекеттің мәдениет саясаты рухани құндылықтарды насихаттау отырып қоғамды тұрақты дамытуға бағытталуы тиіс», - деп толықтырды А. Мұхамедиұлы.
Қайрат Жандыбаев
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
COVID-19: Еуропа елдерінің шекарасы кімдерге ашық, қандай қызметтерге рұқсат етілген -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар