- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Швейцариямен ынтымақтастығын кеңейтуге мүдделі
Қазақстан Швейцариямен ынтымақтастығын кеңейтуге мүдделі
Тарихи өлшемдегі салыстырмалы қысқа кезеңде жемісті саяси диалог орнатылып, берік шарттық-құқықтық база құрылды, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық қарқынды дамыды.
Швейцария Федералдық Президенті Д.Буркхальтердің Қазақстанға 2014 жылдың қарашадағы және Қазақстанның Президенті Н.Назарбаевтың Швейцарияға 2015 жылдың шілдедегі сапарлары соңғы жылдардағы маңызды оқиғалар болды.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның және «Қазақстан-Швейцария» Іскер кеңесінің белсенді қызметтері экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуге септігін тигізуде.
Швейцария екіжақты сауда айналымы және жалпы тікелей инвестициялар бойынша Қазақстанның ірі әріптестерінің бірі болып табылады. Елдеріміз іскерлік байланыстарды қолдап, дамытуға тұрақты мүдделілік танытуда.
Швейцария – баламалы және жаңғырамалы энергия көздерін пайдалану бойынша дамыған елдердің бірі. Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі алаңы Швейцарияға аталған саладағы бай тәжірибесін көрсетуге бірегей мүмкіндік туғызады.
«Швейцариямен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа да ерекше мән беріледі. Екі ел университеттері, ғылыми және мәдени орталықтары арасындағы байланыстар белсенді дамуда. Медициналық мекемелер арасындағы байланыстар кеңеюде. Швейцарияда отандастарымыз бен Қазақстанның достарын біріктіретін «Керуен» Қазақстан-Швейцария қауымдастығы және Қазақ мәдениет орталығы құрылды», - делінген хабарламада.
Қазақстан сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты қоса алғанда басым бағыттардағы екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ниетті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы