- Басты
- Жаңалықтар
- ТМД жұлдыздары Астанадағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ән айтып берді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
ТМД жұлдыздары Астанадағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ән айтып берді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Орталықтың балалары өздерінің сүйікті жұлдыздарымен кездесуге бірнеше апта дайындалды.

Бүгінде Орталықта үш жастан он сегіз жас аралығында 23 бала тәрбиеленеді. Бұл балалар тағдыр тәлкегіне ұшырап, ата-ана қамқорлығысыз қалған.

«Балалар екі апта бойы дайындалды. Би билеп, өлең жаттады, флэш-моб пен асфальттың үстіне сурет салу байқауын ұйымдастырды. Балалардың бар арманы бір ол отбасына қайта оралу. Біздің тәрбиеленушілер өте мейірімді және талантты», - деді Орталықтың аға тәрбиешісі Айгүл Болатхан.

Бұл күні балалар тәттілерсіз қалмады. Оларға «Дар» қоғамдық қорының атынан балмұздақтар таратылды.

«Бұл барлық балалар үшін мейрам. Мұндай сыйлықтар емес, керісінше біздің болуымыз маңызды», - деп ағынан жарылды «Дар» ҚҚ әлеуметтік жобалар бойынша үйлестірушісі Рустам Ибрагимов.


Жалпы, бұл күні балалар балмұздақ жеп қана қойған жоқ, олар өздерінің сүйікті әншілерімен қосылып ән айтты. Оларды Асыл мен Формат тобы құттықтап келді.

Арнаулы түзету мектебінің оқушылары жұлдызды қонақтарды - Ринат Малцагов, Артур Толепов және «Пицца» тобын үлкен қуанышпен қарсы алды.

«Мен адамдармен араласуда өте қиналатынмын, алайда мен өзіме ұнайтын іспен айнласатыныма сендім және де мақсатыма жеттім. Сіздерге де армандарыңыздың орындалғанын тілеймін», - деп құттықтады әнші Сергей Приказчиков.


Бүгінгі күні мұнда түрлі диагнозы бар 408 бала білім алуда. Мекеме ұжымы олармен аса үлкен жауапкершілікте жұмыс істейді.
Әртістерді SOS балалар ауылының тәрбиеленушілері де тағатсыздана күтті. Мұнда да жұлдызды қонақтар үшін ауылды аралатудан бастап ән-биге дейін қамтылған бағдарлама дайындалыпты.


Мота, Натан мен Жанар Доғалованы қазақтың қонақжайлылық дәстүрі бойынша – ұлттық киімдермен шашу шашып қарсы алды.

Балалар сүйікті әртістерінің аттарын жарыса айтып, қолдарын қысып, арман-мақсаттарымен бөлісті. Олардың бірі айға ұшуды армандаса, тағы біреуі президент болғысы келеді.
Бұл күні «Дегдар» гуманитарлық қоры балаларға тағы бір үлкен сый жасады. Өнер жұлдыздары жаңа балалар спорттық-ойын алаңын салтанатты түрде ашты.



«Сонымен қатар қор Теміртау қаласының балалар ауылына автобус сыйлады. Алматының балалар ауылына баскетбол мен футбол алаңын сыйға тартты. Біз ардагерлерге, балаларға көмек қолын созамыз және қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастырамыз», - деп толықтырды қор директоры Лаура Ахметова.




Балалар өздерінің сүйікті әртістерімен сүретке түсіп, тренажорларда бірге жаттықты және футбол ойнады.



Бүгінде Қазақстанда балалар үйінің тәрбиеленушілер саны азайып келеді. Бұл еліміздегі саясаттың дұрыстығын дәлелдейді. ҚР Президенті халыққа Жолдауларында жастарға үндеу тастайды және әр бағдарламасында жастар саясатына үлкен көңіл бөледі. Елімізде балабақшалар мен мектептер көптеп ашылуда. Бұл игі істердің барлығы Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға және патриоттық рухты нығайтуға бағытталған. Бұл туралы Елбасы жақында ғана жариялаған бағдарламалық мақаласында айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, елорда да балалар және жастар орындаушылық шығармашылығын қолдау және дамыту мақсатында тұңғыш рет балалар және жастар музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтті.
Қайрат Жандыбаев
Фото Қайрат Жандыбаев, Астана қаласы әкімдігі
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы