- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат комитеті жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша түзетулерді қарады
Сенат комитеті жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша түзетулерді қарады
Заң жобасымен сегіз заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Олардың ішінде еліміздің Азаматтық кодексі, Бюджет кодексі, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекс (Салық кодексі), Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жарнама туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Кәсіптік одақтар туралы» заңдар бар.
Заң жобасы аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің дербес бюджетін, яғни бюджеттің жаңа төртінші деңгейін кезең-кезеңмен енгізуді, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншік институтын енгізуді көздейді.
Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін қалыптастыру, бекіту және орындау тәртібі заңнамалық түрде бекітіледі. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджет процесін және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктері нақтыланып, толықтырылады.
Өзгерістер мен толықтырулар ұлттық холдингтердің және олармен үлестес заңды тұлғалардың меншігін жекешелендіру есебінен Ұлттық қор қаражатын жинақтауды да қамтиды. Квазимемлекеттік сектордың ішкі қарыз алуы бойынша шектеулер бөлігінде де өзгерістер бар.
Заң жобасының жекелеген ережелері жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді талқылау үшін жергілікті қоғамдастықтың жиындары мен жиналыстарын өткізуге қатысты болып отыр. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар