- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде хоккей-жаттығу спорт кешені ашылды
Ақтөбеде хоккей-жаттығу спорт кешені ашылды
Салтанатты ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Өңір басшысы жиналғандарды және барлық ақтөбеліктерді айтулы мерекемен құттықтады.
«Сіздердің барлығыңыз да біздің мемлекетіміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен балаларымыздың спортпен шұғылдануына, сапалы білім алуына, шығармашылықпен шұғылдануына және жан-жақты дамуына жағдай жасайтын мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылып отырғанын жақсы білесіздер. Облыста бұл мәселеге баса назар аударылады. Спорттың қысқы түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашылуы үлкен іс шара. Мұндай кешен Ақтөбеде бұрын-соңды болмаған. Мен ақтөбеліктердің қысқы спорт түрлері бойынша әлеуеті зор екендігіне сенімдімін. Тиісті жағдай жасап, жаңа чемпиондарды өсіріп шығарамыз», - деді Бердібек Сапарбаев.
11 шағын ауданда орналасқан жаңа ОБЖСМ-де тек хоккейшілерді ғана емес, сонымен қатар, мәнерлеп сырғанау мен шорт-трек бойынша спортшылар жаттығады. Айта кетейік, мұнда орнатылған хоккей қорапшасы жоғары халықаралық стандарттарға сай және спортпен кәсіби түрде айналысуға арналған.
Хоккей жаттығу спорт кешенінің мұз айдынын орнату және оны құю жөніндегі жұмыстарын Сочи қаласындағы хоккей стадионын 2014 жылы өткен қысқы Олимпиадалық ойындарға, Мәскеу стадионын хоккейден әлем чемпионатына дайындаған ресейлік компания жүзеге асырды.
Кешеннің құрылысын, құрал-жабдықтармен жарақтандыру және аумақты абаттандыру мен қосқандағы құны 544 миллион теңгені құрады. Жобаны облыстық әкімдігі «КТП» ЖШС-нің, атап айтқанда ағайынды Щегельскийлердің қаржылай көмегімен жүзеге асырды.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Олимпиададағы қазақ спорты: кеше және бүгін