- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Бозымбаев ЖЭК дамыту т уралы айтып берді
Қ.Бозымбаев ЖЭК дамыту т уралы айтып берді
«Жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін инвестицияларды және технологияларын енгізу үшін заңнамалық түрде қолайлы жағдайлар жасалған. Осы секторды дамытудың 2020-ші жылға дейін нысаналы көрсеткіштері бекітілген», - деді Қанат Бозымбаев.
Министр атап өткендей, жаңартылған энергия көздерін дамыту үшін басты екі міндетті шешу керек.
«Біріншіден – дұрыс инвесторлар мен үздік технологиялары бар аса тиімді жобаларын таңдау және іске асыру. Екінші айтарлықтай маңызды мәселе – елдің экономикасына жаңартылатын энергия көздерінің жүктемесін азайту», -деп толықтырды министр.
Сонымен қатар, Қанат Бозымбаев хабарлағандай, соңғы жылдары табиғат қорғау шараларына қаражаттың 29% ұлғайғандығын, ал ластаушы заттардың ауаға шығарындылары 2007-ші жылмен салыстырғанда 13% төмендеген. Өртеу газының көлемі 68% қысқарды.
«Тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілгеннен кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы тексерістер 41,5% қысқарды. Мемлекеттік бақылау және қадағалау міндеттерін 30% қысқарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Экологиялық реттеуге «бір терезе» принципі енгізіледі - рұқсатқа және эмиссиялар нормативтері жобасына бір өтінім беріледі және оң қорытынды берілген жағдайда қорытындымен бірге эмиссияға рұқсат және табиғат қорғау шараларының келісілген жоспары берілетін болады», - деп толықтырды спикер.
Оның айтуынша, бұл эмиссияға рұқсат беру және жобаның сараптама мерзімін 120 күннен 45 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады