- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның павильоны мақсатты әрі батыл болмақ – энергетика министрі
Қазақстанның павильоны мақсатты әрі батыл болмақ – энергетика министрі
Қазақстан 4 экспозиция дайындады.
«Бірінші экспозицияда Мемлекет басшысының энергетика мен экология саласындағы барлық бастамалары көрсетіледі. Екінші экспозицияның қалыптасуына баламалы энергия көзін әзірлеу, энергияны сақтау, қоршаған ортаға жағымсыз заттарды тарату бойынша еңбек етіп жүрген отандық ғалымдар мен әзірлемешілерден, ұйымдардан өтініштер келіп түсті. Жас өнертапқыштар мен ғалымдардың әзірлемелері үлкен әлеуетке ие», - деді министр.
Қ.Бозымбаев айтып өткендей, қызықты әрі маңызды деген 28 материал таңдалды, оның ішінде стартап жобалар да бар.
«Үшінші экспозиция Қазақстанның «жасыл» экономиканы дамытуға дайындығын паш етеді.Көрмеде елдің интерактивтік картасы жұмыс істейді, өңірлер бойынша «жасыл» экономика дамып жатқан нүктелерді көруге болады. Төртінші экспозиция әлемдік ғылыми қауымдастыққа «Тоқамақ» материалдық термоядролық реакторын таныстырады», - деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ, көрмеде Мемлекет басшысымен әлемдегі бірегей термоядролық реакторды бірге қосып, плазма алу үрдісін паш ету жоспарланып отыр. Қондырғы орнатылған соң Қазақстан Тоқамақ алдыңғы қатарлы құрылғысы бар 10 елдің қатарына енеді.
«Осылайша, Қазақстан павильоны мақсатты әрі батыл болмақ. Сондықтан барлық қатысушыларды біздің жобаларды көруге шақырамын. Мемлекет басшысы ЭКСПО мұрасын сақтап, оларды тәжірибелік қорытындылар үшін қолдануды тапсырған болатын», - деді Қанат Бозымбаев.
Ақбота Күзекбай
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Дәрігер: «Пандемияда науқасқа психологиялық қолдау көрсету де оңай емес» -
Бас анитар дәрігер: Вакциналау деңгейі баяу елдерде вирусты жұқтыру көрсеткіші артуда