- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Смарт Грид пилоттық жобаны енгізу жоспарлануда
Астанада Смарт Грид пилоттық жобаны енгізу жоспарлануда

Энергетика министрлігі электр энергиясы және қуатының болжамды теңгерімі 2017-2023 жылдарға және келешекте 2030 жылға дейін бекітті. Энергия өндіруші компаниялардың едәуір қуат резервінің болуы экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін 2025 жылға дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Бүгін де бар ресурсты техникалық сенімділік пен сапаға шоғырландыру қажет, технологиялық жаңғырту мен цифрландыру осыған қол жеткізуге мүмкіндік береді. Басты бағыт – Қазақстанның интелектуалды энергия жүйесін қалыптастыру (Смарт Грид). Пилоттық жобаны Астанада енгізу ұсынылды. Электр энергиясының көрсеткіштерін жазып алудан бастап төлемақыға дейінгі процесті автоматтандыру, электр энергиясы сапасын арттыру, тұтынушылар қажеттілігіне арналған жаңа жоғары технологиялық өнімдерді қолдану, энергия жүйесінің тиімділігін арттыру, желі жұмысын бағалауды автоматтандыру ұсынылды. Астана қаласының энергетика басқармасы, «Астана-РЭК», «Астанаэнергосбыт», «Астана Innovations», «Сайман» ЖШС компаниялары ұсыныстарды пысықтауға тартылды», -деді Қ. Бозымбаев.
Оның айтуынша, Астана қаласының энергетика басқармасы, «Астана-РЭК», «Астанаэнергосбыт», «Астана Innovations», «Сайман» ЖШС компаниялары ұсыныстарды пысықтауға тартылды.
«Энергия өндіруші компаниялардың едәуір қуат резервінің яғни жалпы жүктемеге 3000 МВт жоғары, шамамен 22-25% болуы экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін 2025 жылға дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік етеді», - деп атап өтті ол.
Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы ұзындығы 1500 км. «Север-Восток-Юг» электр энергиясын берудің жоғары вольтті желісін салу жобасының 1 кезеңі аяқталды.
Ведомство басшысы хабарлағандай, екінші кезең бойынша жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде, жобаны аяқтау мерзімі – 2018 жыл.
Ақбота Күзекбай
-
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері
-
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда
-
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру
-
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда
-
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады
-
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері
-
COVID-19: Қызыл аймақтағы өңірлер, «Ashyq» пилоттық жобасы және вакцинациялау мәселелері
-
«Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілер қатары артты
-
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі
-
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма
-
Экономиканы дамыту шаралары: Жаңа құрылым енгізу, кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы және цифрландыру мәселелері
-
Д.Закиева: Мектептегі буллингтен қорғау үшін тұжырымдаманың өзін енгізу қажет
-
«ASHYQ» қосымшасы: Пилоттық жобаға қатысты жиі қойылатын сұрақтар
-
QR-код: Жұмыс істеп жатқан базар, сауда, ойын-сауық орталықтары мен үй жанындағы дүкендерге енгізу қажет емес
-
Ауыл шаруашылығында цифрлы технологияларды енгізу қалай жүріп жатыр

