- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Бозымбаев: ТМД аймағы бойынша ең арзан жанармай Қазақстанда
Қ.Бозымбаев: ТМД аймағы бойынша ең арзан жанармай Қазақстанда
«Энергетика министрлігінің негізгі міндеті – жанармай тапшылығына жол бермеу және ЖЖМ нарығын қамтамасыз ету. Ал бағалар нарықтың өзімен реттеледі. Біз барлығымыз нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз, Қазақстан 5 мемлекетпен шекараласады, Түрікменстанды қоспағанда, оның төртеуінде ЖҚС-та бағалардың деңгейі айтарлықтай жоғары. Егер бағаны төмендетсек, отынды шектеуге тура келетінін түсінуіміз керек. Және бұл нарықтық экономиканың қарапайым заңы», - деп атап өтті министр.
Осы ретте, ведомство басшысы Қазақстандағы жанармай бағасы туралы да пікір білдірді.
«Мен Еуропа елдердегі жанармай бағасы мен Қазақстандағы бағаны салыстырмаймын да. Өйткені елдер арасында кіріс деңгейінің айырмашылығы жоғары екенін түсінемін. Министрлік тарапынан баға белгілеудің барынша таза болуына қол жеткізуге және ішкі нарыққа мұнай жеткізудің экономикалық ұтымды жағдайын жасауға әрекет жасалуда. Ол үшін мұнай өнімдерінің биржалық сауда-саттығы сынды бірқатар тетіктерді қарастырудамыз және салық саясатына болашақта өзгерістер енгізбекпіз», - деді Қ. Бозымбаев.
Сонымен қатар, газ секторында елді мекендерді газдандыру жобалары да жалғасын табуда.
Қанат Бозымбаев Қазақстан үшін нысаналы индикатор 2030 жылға дейін елді газдандыру деңгейін 56%-ға дейін жеткізу екенін еске салды. "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбыры салынып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, қосымша қуаттылықтардың пайдалануға енгізілуімен отандық газды Қытайға экспорттауға техникалық мүмкіндік пайда болды.
Ақбота Күзекбай
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді