- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік пойыздар жүре бастайды
Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік пойыздар жүре бастайды
Мұндай шешім Алматыда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Иран Ислам Республикасы темір жолы, Түрікменстан теміржол көлігі министрлігі, ҚХР Қытай көлік коммуникация қауымдастығы халықаралық контейнерлік пойыздарды Үйлестіру орталығының басшыларының төртжақты кездесуі кезінде шығарылды.
Кеңес барысында Қытай-Қазақстан-Түрікменстан-Иран кезекті контейнерлік пойызын ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ осы мемлекеттер арасындағы өзара тиімді қолайлы тарифтік жеңілдіктер жасау жайы да келісілді.
"Төртжақты кездесу барысындағы уағдаластықтар осы елдер аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымалдаудың артуына ықпал етеді", - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елубаев.
Жоспар бойынша, биылғы жылы маусымда контейнерлік пойыз Қытайдан Иранға және Қазақстан аумағы мен Түрікменстан арқылы үшінші елдерге жөнелтіледі. Бағдардың орташа қашықтығы 10 мың 300 шақырымнан асады. Оны транзиттік пойыз 14 күнде жүріп өтеді.
"Бұл бағдардың тартымдылығы - жүктерді тасымалдаудың барынша қысқа мерзімде жүзеге асырылатынында. Себебі, осындай жүкті теңіз арқылы тасымалдау 40 күнде межелі жерге жетеді. Ол сондай-ақ жүк жөнелтушіге тарифтік жағынан да қолайлы», - деп атап өтті Иран Ислам Республикасы Темір жолының қозғалыс және пайдалану жөніндегі вице-президенті Мохаммади Эбрахим.
Алдағы уақытта бұл бағдардағы елдер арасындағы теміржол қатынасы жанданып қана қоймай, кері бағытқа контейнерлік пойыздарды жасақтау жайлары да пысықталуда.
Биылғы жыл аяғына дейін Қытайдан Иранға контейнерлік пойыз тұрақты қатынайтын болады.
Кездесу соңынан делагация басшылары бірлескен төртжақты Хаттамаға қол қойды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру