- Басты
- Жаңалықтар
- Астана Халықаралық балалар күнін атап өтуде (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Астана Халықаралық балалар күнін атап өтуде (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Шеру әкімдік алдындағы орталық алаңда ҚР қорғаныс министрлігінің үрмелі аспаптар оркестрі мен Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық оркестрінің сүйемелдеуімен бастау алды. Соның аясында қатысушылар «Қара жорға» флэшмобын ұйымдастырды.



Салтанатты шараға ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, қалалық білім басқармасының өкілдері және Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысты.
«Биыл қала мектептері жоғары нәтижелерге қол жеткізді, оны саралап тұруға әлбетте уақыт тығыз. Дегенмен, бір нәрсені айтпай кету мүмкін емес: олимпиада жарыстары бойынша 11 жыл қатарынан елордалық команда жүлделі бірінші орынды ешкімге бермей келеді. Бұл өте жақсы көрсеткіш әрі біздің оқушылардың еңбегі», - деді қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Бүгінгі шара «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру бойынша эстетикалық және патриоттық тәрбие беруде оқушылар мен студенттердің көше-фестивалі шерулерін қолдап, дамытуға бағытталған.




-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты