- Басты
- Жаңалықтар
- Елорда саябақтары «ақылды» шамдармен жарықтандырылды
Елорда саябақтары «ақылды» шамдармен жарықтандырылды

Елорда циркінің аумағында да энергия үнемдейтін Green Light жүйесі орнатылды.
«Олардың қуаттылығы 200 ватт, яғни, біздің кәдімгі қолданыстағы шамдардан қуаттылығы сәл ғана аз, алайда 12 вольттан бастап жұмыс істейді. Сәйкесінше мұндай шамдардың энергияны тұтыну көлемі өте аз. Бұл өз кезегінде қуат көзін едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді энергия көздерін жаңарту жобасының басшысы Рустам Қадыров.
Мұндай шамшырақтар Қазақстанда жасалған, көше шамдарының кескіні Елорда циркіне арнайы жасап, дайындалған.
« Шамның дизайны біздің тапсырмамыз бойынша жасалды. Біздің цирк беймәлім ұшып жүрген нысан келбетінде, сол себептен шамшырақтар да осы кескінге сай футуристік үлгіде жасалды. Ішкі және сыртқы жақтары, дизайны – барлығы Қазақстанда жасалып, құрастырылды», - деді Р. Қадыров.
Жақын уақытта Green Light жүйесі бойынша Елорданың барлық саябақтары жарықтандырылмақ.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді
-
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды
-
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді
-
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр
-
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді
-
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр
-
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті
-
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды
-
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды
-
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі
-
Елордада КВИ жұқтырғандар саны 2,4 есе артқан

