• Басты
  • Қазақстандағы зейнетақы: кәрілікте зейнетке бөлен (ШОЛУ)

Қазақстандағы зейнетақы: кәрілікте зейнетке бөлен (ШОЛУ)

1 Маусым, 2017 14:32
Қазақстандағы зейнетақы қаншалыққты мардымды болмақ? Бұл сұрақ әрбір қазақстандықты алаңдатады. Алайда, өскелең ұрпақ болашақта зейнетке шығатын уақыттары туралы ойланбайды. Көптеген тұлғалар табысты кәсіпкер болып қартайған шағында әдемі кәрілікті қамтамасыз ету үшін зейнетақы жиналымдарын салады. Алайда, бұл барлығының қолынан келе бермейді, соңы ащы болып жатады. Зейнетақы деген не? Қазақстандағы зейнетақы қандай? Мардымды зейнетақы үшін мемлекет қандай әрекет ететіні туралы Strategy2050.kz АА тілшісінің шолу материалынан көре аласыздар.

Зейнетақы деген не?

Зейнетақы дегеніміз  ай сайынғы төлемдер, ол азаматтың жұмсалған шығынын  ауыстырады.  Зейнетақы алушылардың бұқаралық санаты – еңбек ете алмайтын жасқа жеткен  адамдар,  оларға қартайған шақта зейнетақы төленеді. Зейнетақы жасы – бұл тұрақты өлшем емес, әр түрлі елдерде әрқалай бекітіледі. Зейнетақы жасы  өмір сүру деңгейімен көтеріле түседі. 

Әртүрлі елдердегі зейнетақының құрылу тарихы

Алғашқы зейнетақы жинақ қоры  Францияның әскери-теңіз флотының  офицерлері үшін  1673 жылы  құрылды. Ұлы Француз  революциясы  кезеңінде, 1970 жылы  30 жылдың еңбек өтілі бар, елуге келген  мемлекеттік азаматтық  қызметкерлердің зейнетақы алуы туралы заң қабылданды. Ал алғаш рет барлық жұмыскерге ортақ  мемлекеттік зейнетақыны ресми түрде Германия канцилері Отто фон Бисмарк енгізді. Бұл 1889 жыл болатын. Кейіннен, 20 жылдан соң зейнетақы жүйесінен хабардар болған көбі өз мемлекеттеріне енгізіп жатты. Олар: Ұлыбритания, Австралия, Америка Құрама Штаттары. Олар Германияға қарағанда бұл жүйені мемлекеттеріне кеш енгізді. Яғни бұл елдер ХХ ғасырдың 30 жылдарында зейнетақы жүйесін толық кіргізді. Ал Қазақстанға зейнетақы жүйесі Кеңес Одағы арқылы жетті. Ресейге бұл жүйені әкелген I Петр болатын. Бұрындары зейнетақы елге жасаған ерлігі үшін әскери шені бар адамдарға берілсе, кейіннен бұл заңға өзгертулер енгізіліп, 1918 жылдан бастап зейнетақы мүгедек жандарға берілетін болған. 1932 жылы зейнетақыға шығу  уақыты: 55 жас әйелдерге, 60 жас еркектерге бекітілді. Зейнетақы жүйесі КСРО-да  1956 жылы «Мемлекеттік зейнетақылар туралы»  заңымен бекітілді.

Қазақстандағы зейнетақы 

 

Қазақстан Республикасы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішінде  халықты зейнетақымен қамту  реформасын жүзеге асырған алғашқы ел. Қазақстандағы зейнетақының үлгісі силилік зейнетақы  жүйесі болып табылады.  Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бірыңғай  зейнетақымен қамту  жүйесі бұзылды. 1997 жылдың  20 маусымы -   1997 жылдың  20 маусымындағы  «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы жарыққа шықты. 1998 жылы Қазақстанда зейнетақы реформа басталды. 1998 жылдың  1 қаңтарынан бастап барлық жұмыс істейтін азаматтар міндетті тұрғыда өз кірісінің  10 пайызын зейнетақы жинақ қорына аударады. Қазақстанның көптеген сарапшылары Қазақстандағы зейнетақы жүйесі әлемдегі үздіктердің бірі.

Қазақстанда 1995 жылдың  шілдесінде алғаш еркін қазақстандық зейнетақы қоры тіркелді. 1996 жылдың қарашасы – алғашқы ұсыныстар енгізілді. 1997 жылдың ақпан-мамыр айы – алғашқы салалық құжат пен қоғамдық талқылау. 1997 жылдың мамыры – қайта қаралған нұсқа парламентке тапсырылды. 1997 жылдың маусымы  - заң қабылданды.  1997 жылдың қыркүйегі  - жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды.  1998 жылдың  1 қаңтарында үшдеңгейлі жүйе жұмыс істей бастады. 2012 жылдан бастап Қазақстанда консервативтік  және бірқалыпты портфель  енгізілді, салымшы – инвестициялаудың қауіпті емес деңгейін өзінің жасына байланысты таңдап ала алады.

2009 жылдың  1 желтоқсанындағы жағдай бойынша  салымшылардың ортақ саны 7 778 658 адамды құрады, оның ішінде  7 734 000 адам – міндетті зейнетақы салымдары, 40 586 адамы – өз еркімен салушылар,  4072 – ерікті кәсіби  зейнетақы салымшылары. 

Қазақстанның зейнетақы аударымдар жүйесіндегі жаңашылдықтар

Қазақстандағы зейнетақылар көтерілуде. Жыл сайын кезеңдік режим тең оң әсер беруде.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында, депутаттар Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында әзірленген ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасын мақұлдады.

2017 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақылардың мөлшерін 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттыру, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшерін 20%-ға өсіру, жұмыс берушінің 5% міндетті зейнетақы жарна төлеуін енгізу қарастырылған мерзімді 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыру көзделген.

Еңбек және әлеуметтік  қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтқандай, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, 2017-2018 жылдар аралығы, республикалық бюджеттен төленетін зейнетақылар мөлшері біртіндеп көтерілетін болады.

 

«Ынтымақты зейнетақы жыл басынан 9%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 11%-ға артатын болады. Базалық зейнетақы жыл басынан 7%-ға көтерілгенін ескере отырып, тағы 13%-ға артады. Нәтижесінде 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшерінің 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға дейін жоғарылауын қамтамасыз етеміз. Бұл өсім барлық зейнеткерлерді немесе 2 миллионнан астам адамды қамтиды», - деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Егер 2016 жылы бала туғанға байланысты төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы бірінші, екінші, үшінші балаға 66 621 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 71 270 теңгені, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 86 222 теңгені құрайтын болады. Бала туғанға байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақы төртінші және одан кейінгі балаларға ағымдағы жылы 111 035 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап оның мөлшері 118 мың теңгеге дейін жоғарылады, ал 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 142 947 теңгеге тең болады.

Қазақстандағы зейнетақы қалай саналады

Қазақстанда еркектер  63 жасқа толған соң зейнетақыға шыға алады, әйелдер үшін зейнетақы 58 жасты құрайды. 2018 жылдан бастап  ҚР заңнамасының негізінде әйелдер үшін зейнетақы жасы жыл сайын  6 айға өсіп отырады. 2027 жылға дейін ол 63  жасқа жетеді. 2018 жылы әйелдер үшін зейнетақы  58,5 жасты құрайды, 2019 жылы 59 жасты, 2020 жылы – 59,5 жасты, 2027 жылы олардың жасы  63 –ке жетеді. 

Заңнамада зейнетақы жас төмендетілетін арнайы санат бар. Олар:

 - 4 бала туған немесе асырап алған, оларды  8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер – 58 жас

 - еңбек өтілі  25 жылды құрайтын 1949 жылдың  29 тамызынан бастап 1963 жылдары Семей полигонының  сынақ алаңында тұрған еркектерге -50 жас

 - еңбек өтілі  20 жылды құрайтын 1949 жылдың  29 тамызынан бастап 1963 жылдары Семей полигонының  сынақ алаңында тұрған әйелдерге – 45 жас 

Зейнетақы төлемдерінің түрі

Қазақстанда ынтымақтастық (еңбек), жинақтау жүйесі және базалық зейнетақыдан тұратын аралас зейнетақы жүйесі қызмет етеді. 

Базалық зейнетақы жыл сайын артып отырады. Ол 2017 жылдың жағдайы бойынша  12 802 теңгені құрап отыр.

Ынтымақтастық зейнетақы төлемдері зейнетақы  жинақтарына және жұмыс өтіліне байланысты есептеледі. Зейнетақыны есептеу үшін қызметкердің пайдасына зейнетақы аударымдары 1998 жылға дейін жүргізілмегендіктен 1998 жылға дейін жұмыс істеген азаматтарға тек жұмыс өтілі ғана ескеріледі.Заңнамаға сәйкес жұмыс өтілі 1998 жылға дейін мыналарды құрауы тиіс:ерлерге - 25 жастан әйелдерге - 20 жастан.

2014 жылы 9 983 теңгені құрайтын мемлекеттік базалық пенсия зейнеткерлікке шыққан барлық азаматтарға еңбек өтіліміне және бұрын жүргізілген аударымдарына қарамастан ұсынылады. Басқаша айтқанда бұндай зейнетақыны «Президенттік зейнетақы» деп атайды. Яғни егер сіз осы жылы зейнеткерлікке шықсаңыз, сіздің зейнетақыңыздың бірінші қосылғышыңыз 9 983 теңгеге теңеледі (жыл сайын сома өзгереді).

Осының барлығын ескере отырып, шешім шығаратын болсақ: Қазақстандағы зейнетақы мардымды болмақ, кезеңдеп өсіп те отырады. Болашақта отан алдында қызмет ету жоғары бағаланатын болады.  Жас ұрпаққа зейнетақы салымдары туралы ойланып, өзінің кәрілігін кепілдендіргендері  дұрыс.

Қайрат Жандыбаев  

 

Барлық жаңалықтар