• Басты
  • «Үркер-2017» Ұлттық сыйлығына өтініштерді қабылдау 10 маусымға дейін ұзартылды

«Үркер-2017» Ұлттық сыйлығына өтініштерді қабылдау 10 маусымға дейін ұзартылды

1 Маусым, 2017 12:38
Баспа, радио және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығына өтініштер 10 маусымға дейін қабылданады. Бұл туралы «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы Евгений Кочетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Қазконтент» басшысы Евгений Кочетовтың   айтуынша, биылғы жылдың  7 мамырынан бастап  Баспа, радио және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық сыйлығына қатысуға  300 өтініш келіп түскен.

«Айта кетерлігі,  «Үздік сұхбат», «Үздік сараптамалық материал» және «Үздік репортаж»  номинациясы  өтініштердің қабылдануы бойынша көш бастап отыр. Өкінішке қарай, «Жылдың үздік журналы»,  «Үздік өңірлік басылым», «Қазнеттегі медиа серпін»  номинациясы бойынша  үміткерлердің саны аз. Ол бойынша  өтініштер келіп жатыр, алайда біздің ойымызша, олардың саны әлдеқайда көп болуы керек еді. Сондықтан, өтініштер саны  әлі   де  артады деп үміттенеміз», - деді Е.Кочетов.

Ол айтып өткендей,  Ақпарат және  коммуникациялар  министрлігінің   келісімімен өтініш қабылдау кезеңі  7 маусымнан  10 маусымға дейін ұзартылды.

«Осы орайда, журналистерге айтарым, сіздердің Баспа, радио және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығына қатысып, 1 млн теңге ұтып алуларыңызға мүмкіндік алуға ек-үш  күн  ғана қалды. Ынталандыру да жаман емес деп ойлаймыз», - деді «Казконтент» төрағасы.

«Үркер-2016» сыйлығының ортақ сыйлық қоры  - 15 миллион теңге.  15 номинация бойынша жеңімпаздар  1 млн-нан алатын боалды.

Әділқазылар құрамына танымал қоғам қайраткерлері мен  өз ісінің хас шеберлері енді:

1.Л.Н. Гумилев атындағы  ЕҰУ журналистика проблемаларын зерттеу институтының  директоры, профессор Намазалы Омашев;

2. Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков;

3. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану және журналистика  факультетінің деканы Қайрат Сақ;

4. «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің  төрағасы Мұхтар Манкеев;

5. «Нұр Отан» партиясының стратегиялық жоспарлау және сараптау орталығының директоры Юлия Кучинская;

6. «Қоғамдық келісім» РММ директоры Александр Тараков;

7. Өңірлік БАҚ Альянсының жетекшісі Әлібек Әлденей;

8. Саясаттанушы Расул Жұмаұлы;

9. Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов;

10. «Атамекен» ҚР ҰКП қарасты Агроқұзыр орталығы   farmers.kz порталының жетекшісі

11. Әдеби сыншы Амангелді Кеңшілікұлы;

Айта кетейік, салтанатты шара 28 маусым күні – Байланыс және ақпарат қызметкерлері мерекесінде  өтеді.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар