- Басты
- Жаңалықтар
- Астаналық полиция қызметкерлері арнайы автобустарда қызмет көрсетеді
Астаналық полиция қызметкерлері арнайы автобустарда қызмет көрсетеді
«Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі қарсаңында халық көп жиналатын орындарда, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар өткізілетін орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жедел әрекет ету үшін толық заманауи техникамен жабдықталған арнайы автобустарда Астана қаласы ІІД жылжымалы кезекші жедел-тергеу тобы қызмет көрсетеді.
Аталған мобильдік топтың құрамына тергеушілер, криминалистер, жедел қызметкерлер, учаскелік полиция инспекторлары, жүргізуші-полицейлер және ағылшын тілін меңгерген еріктілер кіреді.
"Бүгінде елордалық полиция Астананың қауіпсіздігін сақтау үшін күш-жігерін салуда. «Астана ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу кезінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында елордалық ішкі істер департаментіне маңызды жауапкершілік артылған. Замануи технологияларды тиімді пайдалану арқылы полиция қызметін арттыруға үлес қосады. Арнайы техника (автобустар) барлық қажетті құралдармен жабдықталған жылжымалы кезекші бөлімді ұсынады. Автобустардың ішінде сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тіркеуіне қатынауға арналған техника, «Автоіздеу» бояуды қолданбай саусақ іздерін алуға арналған дактилоскопиялық станциясы мен басқа да құралдар бар. Сонымен қатар, аталмыш автобустардың ішкі және сыртқы бөлігінде бейне бақылау камералары орнатылып, құрықталған күдіктілерді ұстайтын орын, полиция қызметкерлерінің жұмыс орындарымен жабдықталған", - делінген хабарламада.
Жасалған қылмыстар жөніндегі хабарламаларға тез арада әрекет ету арқылы тергеу-жедел топтары оқиға орнында арыздарды тіркеп, жедел-тергеу шаралары кешенін жүргізіп, қысқа мерзім аралығында қылмысты тергеу ашуды қамтамасыз етеді.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді