Оралда жаздың соңына дейін 20 ауланы абаттандыру жоспарлануда

1 Маусым, 2017 12:13
Оралда жыл соңына дейін 507 млн теңге сомасына 20 ауланы абаттандыру жоспарланып отыр, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының әкімдігі.

Биыл 507 миллион теңге сомасына 20 ауланы абаттандыру жоспарланып отыр, оның 3-уі өткен жылда басталған. Мердігерлер хабарлағандай, барлық аулалар жаздың соңына дейін жөнделмек. 

Қалада барлығы 386 аула аумағы бар деп есептеледі, бүгінде оның 67%-ында асфальт төселген.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов және қала әкімі Нариман Төреғалиев жол төсемдері мен кіреберіс жолдары жөнделіп жатқан бірнеше аулада болды. 

«Мердігерлерге міндеттер қойдық: олар барлығын сапалы және мерзімінде аяқтауы тиіс. Алайда, қандай да бір наразылықтарыңыз болса, маған немесе қала әкіміне хабарлаңыздар », - деді тұрғындарға Алтай Көлгінов. 

Сондай-ақ, биыл 166 миллион теңге сомасына 2 саябақ абаттандырылмақ. 

Өткен жылы қалада 247 миллион теңге сомасына 17 аула аумағы абаттандырылған. 

Барлық жаңалықтар