- Басты
- Жаңалықтар
- Арыстада жылыжай көлемі екі есеге ұлғайтылады
Арыстада жылыжай көлемі екі есеге ұлғайтылады
Ең алдымен өңір басшысы жылыжай өсіруді 25 соттықтан бастаған жеке кәсіпкер Рахымжан Кенжебаевтің шаруашылығында болып, жылыжайды аралап көрді. Ондағы жұмыс барысымен таныстырған кәсіпорын төрағасы 2,5 гектар болатын жылыжай көлемін күз айында 5 гектарға дейін ұлғайтатынын айтты.
Елімізді жыл он екі ай көкөніспен қамтамасыз ету көктемі ерте келетін егіншілікке ауа-райы қолайлы - Оңтүстің еншісінде екенін айтқан әкім шаруашылық иесінің бұл жоспарын қолдап қуаттады. Сондай-ақ, ол мемлекеттен тиісті көмек пен қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Айта кетейік, өткен жылы жылыжайдан 50 тонна қызанақ, 25 тонна қияр жиналған болса, бүгінгі күнге 2 га жерге егілген қызанақтан 85 тонна өнім жиналды. Ал мемлекеттен алған субсидия көлемі 2,6 млн теңгені құрайды.
Ақдала ауылдық округінде орналасқан серіктестік биыл өзіне қарасты егістік жерлерді игеру үшін Германияның BOUER компаниясынан шыққан жаңбырлатып суғару әдісін қолданып отыр. Оның әрқайсысы бір орында 60 гектар жерді суғаруға мүмкіндігі бар.
Шаруашылық құны 67 мың еуро тұратын құрылғының 7 данасын алып, іске қосқан. Жаңбырлатып суару әдісінің тиімділігі өте көп. Мәселен, үлкен жерлерді суғаруға тиімді, екіншіден су үнемделіп, жұмыс күші көп қажет етілмейді. Үшіншіден бір мезгілде суғарылып, тегіс мол өнім алуға мүмкіндік туады екен.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты