- Басты
- Жаңалықтар
- Кейбір мемлекеттік қызметтерді ЭЦҚ-сыз алуға болады
Кейбір мемлекеттік қызметтерді ЭЦҚ-сыз алуға болады
Бір реттік құпиясөз арқылы берілетін алғашқы қызмет биылғы жылдың сәуір айында іске қосылған сотталмауы (сотталуы) туралы анықтама еді.
20 қызметтің 15-і бір реттік құпиясөзді пайдалану арқылы қолжетімді болса, қалған 5 қызмет үшін порталда тіркелу жеткілікті.
Мемлекеттік органдармен келесі танымал қызметтер іріктелген: мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама, жылжымайтын мүлікті тіркеу және құқықтың аяқталуы туралы жеке тұлғаларға анықтама беру, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (тыйымдар) және оның техникалық сипаттамасы туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын алу, азаматтық хал актілерін қайта алу және тіркеу және т.б.
Бір реттік құпиясөз дегеніміз азамат белгілі бір қызметті алу үшін сұрау салған кезде sms арқылы ұялы телефонға келетін хабарлама. Сұрау салушының телефонына келген тексеруші құпиясөзді (код) eGov.kz порталында енгізу қажет. Осы кезде пайдаланушының нөмірі мобильдік азаматтар базасында тексеріліп, базадағы нөмірмен сәйкестігі расталып, сұрау салған қызметке бірден жауап беріледі. Мобильдік азаматтар базасында тіркелу үшін порталда «Жеке кабинетке» кіріп «телефон» деген бағанда ұялы телефонның нөмірін көрсету қажет. Бұдан бөлек, ЖСН-ға телефон нөмірін тіркеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-кеңсеріне баруға болады.
Отандастар дәрігерді үйге шақыру, дәрігердің қабылдауына жазылу, медициналық ұйымға тіркеуге тұру сияқты қызметтерді электронды цифрлық қолтаңбасыз пайдалануға болады. Бұл жерде медициналық ұйымға тіркелгендер ғана үйге дәрігерді шақыра алатынын ескеру қажет.
Сонымен қатар, әскери қызметін өткеруді растау туралы анықтама мен жеңілдіктері бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль АЭС-гі апатты жоюшыларға) анықтамалар беру қызмметтері қолжетімді болмақ.
Мемлекеттік қызметтерді жеңілдету жұмыстары проактивті мемлекетті дамытуға бағытталған. Яғни, азаматтардың қатысуынсыз берілетін қызметтер саны үнемі көбейетін болады.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады