- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар жол жүрісі мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қаралды
Сенаторлар жол жүрісі мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қаралды
Заң жобасында ішкі істер органдары тоқтатқан жағдайда жолаушылардың оның рұқсатынсыз көлік құралын тастап кетуіне тыйым салуды алып тастау көзделіп отыр. Сонымен бірге Парламент Мәжілісінде заң жобасын қарау барысында оның ережелері толықтырылды. Заң жобасымен цифрлардың не әріп таңбаларының үйлесімімен мемлекеттік тіркеу нөмірлерін бергені үшін мемлекеттік бажды ұлғайту көзделеді.
Көлік құралын ішкі істер органдары қызметкерлерінің талабы бойынша тоқтатқан жағдайда олардың іс-қимылының тәртібі бекітіледі. Атап айтқанда, көлік құралын тоқтатқаннан кейін қызметкер кідірмей оған жақын келуге, өзін таныстыруға, жүргізушінің талап етуі бойынша қызметтік куәлігімен таныс етуге, тоқтату себебін түсіндіруге, егер олар пайдаланылған болса, жол жүрісі қағидаларын бұзуларды тіркеген техникалық құралдар мен аспаптар туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Бұдан өзге, заң жобасында көлік құралын тоқтатқан кезде жүргізушінің полицияның іс-қимылдарын фотосурет пен бейне түсіруді жүргізуге құқығы көзделеді. Заң жобасында, сондай-ақ жолаушыларды түнгі уақытта тұрақты емес автотасымалдармен тасымалдауға және көлік құралдарындағы аэрографиялық суреттерге тыйым салу алынып тасталады.
Масаң күйде басқаруды алдын алу мақсатында масаң күйде көлік жүргізгені үшін де, масаң күйін куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін де көлік құралын жүргізу құқығынан айырудың бірыңғай үш жылдық мерзімі белгіленеді.
Сондай-ақ комитетте Қазақстан мен Қырғыз Үкіметі арасындағы азаматтарының екі ел аумағында болу тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы қаралды.
Хаттама 2016 жылғы 17 қазанда Астана қаласында жасалған және басқа тарап мемлекетінің аумағында уақытша болатын бір тарап мемлекетінің азаматтарын болатын тараптың құзыретті органдарында күнтізбелік 30 күн ішінде тіркелу (болатын жері бойынша есепке қою) міндетінен босатуға бағытталған.
Бір тарап мемлекетінің азаматы басқа тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік 30 күннен артық болған жағдайда, аталған азамат болатын тараптың заңнамасына сәйкес оның құзыретті органдарында тіркелуге (болатын жері бойынша есепке тұруға) міндетті. Хаттаманы ратификациялау бір мемлекеттің аумағында басқа мемлекет азаматтарының болуы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Құжаттар Палата қарауына жіберілді.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері