- Басты
- Жаңалықтар
- Шет елдердің елшілері ҚР Президенті туралы
Шет елдердің елшілері ҚР Президенті туралы

Корея Республикасының ҚР-дағы елшісі Ким Дэ Сик өз сөзінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Кореяға көңіл бөлуі екіжақты қатынастардың дамуындағы қозғаушы күшке айналғанын атап өтті.
«Екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнағаннан кейін 25 жыл ішінде біздің қарым-қатынастарымыз стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейіне көтерілді. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Кореяға көңіл бөлуі екіжақты қатынастардың дамуындағы қозғаушы күшке айналды. Мен екі ел арасында электрондық үкімет, болашақтың энергиясы және адами ресурстарды басқару, мемлекеттік басқару сияқты салалардағы ынтымақтастықты дамыту үшін барынша күш саламын. Қазір Корея үкіметі ЭКСПО көрмесінің сәтті өткізілуіне белсенді дайындық үстінде», - деді Кореяның ҚР-дағы елшісі.
Сондай-ақ Индонезия Республикасының ҚР-дағы елшісі Рахмат Прамоно да ҚР Президентіне алғысын білдіріп, соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан мен Индонезия арасындағы екіжақты қарым-қатынастар саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени тұрғыда әр түрлі салаларда кеңінен дами түскенін атап өтті.
«Президентпен кездесуде мен Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видоданың ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстан халқына жолдаған жылы лебіздері мен жеке құттықтау сөздерін жеткіздім. Қазақстан Республикасы өңірдегі тұрақтылықты сақтауға, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша бейбітшілік пен өркендеуге қол жеткізуге зор үлес қосуда. Қазақстанды БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануымен құттықтаймын», - деді елші.
Сербия Республикасының ҚР-дағы елшісі Владан Матич Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықтың бірнеше жыл ішінде белсенді дамып келе жатқанын айтты.
«Бүгін Қазақстан Президентіне сенім грамотасын табыс ету мен үшін үлкен құрмет. Соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстан мен Сербияның белсенді ынтымақтастығын ерекше атап өткім келеді. Сербия үшін Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі маңызды әріптестердің бірі», - деді В. Матич.
Румынияның ҚР-дағы елшісі Чезар-Маноле Армяну Қазақстан мен Румыния арасындағы жақсы дипломатиялық қатынастарды атап өтті.
«Румыния және Қазақстан 15 шілдеде дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 25 жылдығын атап өтеді. Румыния Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы диалогтың дамуын қолдайды. Румынияның Қазақстандағы елшісі қызметін атқару кезімде экономикалық қатынастарға, сауда, инновациялық технологиялар мен адами ресурстарға баса назар аудара отырып, біздің үкіметтеріміз, халықтарымыз арасындағы бар қарым-қатынасты тереңдетіп, одан әрі кеңейте түсуге тырысамын», - деді Ч. Армяну.
Еске сала кетейік, Ақордада Корея, Индонезия, Сербия және Румыния елшілерінің ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын табыс ету рәсімі өтті.
Қайрат Жандыбаев
Фото Бауыржан Жуасбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі