- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанға қалдықтарды басқарудың интеграцияланған жүйесі қажет - Сенат
Қазақстанға қалдықтарды басқарудың интеграцияланған жүйесі қажет - Сенат
Сенат Төрағасының орынбасары Сергей Громов қалдықтарды басқару Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманың негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Осы Тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай қалдықтарды өңдеу көлемін - 40%-ға дейін, ал 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Осы ретте 2016 жылы еліміздегі өңделетін қатты тұрмыстық қалдықтар үлесі төмен деңгейінде қалып, 2,6%-ды құраған.
«Өңірлерде қалдықтарды сұрыптаумен және өңдеумен айналысатын 100-ден астам кәсіпорын бар. Алайда, әрбір өңірде қалдықтардың жекелеген түрлері өңделеді. Бар проблемаларды шешудің кешенді тәсілі жоқ. Осы міндеттерді шешу үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, өңдеу, кәдеге жарату және сақтау бөлігінде қажетті нормативтік құқықтық база құрылды», - деді ол.
Сенаттың вице-спикері қоршаған ортаны қорғау ісіндегі экологиялық білім рөліне толық тоқталып өтті.
«Халықты оқыту және хабардарлығын арттыру үшін оқу бағдарламаларына қалдықтармен жұмыс істеу мәселелерін енгізу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмысын одан әрі жалғастыру керек», – деп атап өтті ол.
Қазақстанда қалдықтарды басқарудың интеграцияланған жүйесі жоқ. Мұндай пікірді «KazWaste» қалдықтарды басқару қауымдастығының басқарма төрағасы Шынболат Байқұлов айтты. Оның мәліметінше, қатты коммуналдық қалдықтардың 97%-ы санитариялық стандарттардың талаптарына жауап бермейтін қалдықтарды көму орындарында және бақыланбайтын қоқыс орындарында.
Сондай-ақ отырыста инвестициялар және даму вице-министрі Ғани Садыбеков, Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов, «Алатау» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Николай Логутов, «Оператор РОП» ЖШС атқарушы директоры Сергей Юрча сөз сөйледі. Пікірталасқа сондай-ақ сенаторлар Жеңіс Нұрғалиев пен Серік Жақсыбеков те қатысты.
Іс-шара барысында әзірленген ұсынымдар үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға жіберілетін болады.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды