«Нұрлы жер»: СҚО-да 11 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

31 Мамыр, 2017 17:57
Солтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бойынша 1000 пәтер пайдалануға беріледі.

Әкімдіктің хабарлауынша, өңір басшысы «Қазақстанның құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасымен кездесті.  Құмар Ақсақалов қонақтарды қарсы ала отырып,  Ләззат Ибрагимоваға  ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің  жүйесі – тұрғын үй  құрылысын шешудің қолайлы формасы екенін атап өтті.

«Өткен жылы қаржыландыру көздері бойынша  154 мың шаршы метр үй салдық. Биылғы жылы  жоспарда  200 мың шаршы метр  үй салу тұр. Оның басым бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі  үлесінен болмақ. «Нұрлы жер»  бағдарламасы бойынша  біз  1,3 млрд теңгені  Солнечный инфрақұрылымына жұмсайтын боламыз. Бұл бірегей жоба болмақ», - деді өңір басшысы.

Петропавл   әкімі Марат Тасмағанбетовтың   айтуынша, 2015-2017 жылдары  955 отбасы баспаналы болды, оның ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бойынша  631 адам алды.

«Биылғы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында  11 тұрғын үйдің құрылысы  жүргізілуде, олардың ортақ алаңы  83,3 мың шаршы метрді құрады, оның  7 Тұрғын үй жинақ банкі бойынша алынған үйлер. «Солнечный» шағын ауданында  2094 учаске ЖТҚ бойынша берілді», - деді қала әкімі.

Өз кезегінде, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасы  Ләззат Ибрагимова айтып өткендей,  Солтүстік Қазақстан  облысы бойынша орташа деңгей 400 мың теңгені құрады, оның ішінде салымшылардың  ортақ сомасы  12 млрд теңгені құрады. 

Барлық жаңалықтар