Қазақстан Ресей аймақтарымен ынтымақтастықты нығайтуы керек

31 Мамыр, 2017 17:42
Ресей Қазақстанның сауда серіктесті болып табылады. Ресейдің ҚР-дағы тауар айналым үлесі 2016 жылы 20,4 пайызды құрады, деп хабарлады «KAZAKH INVEST».

Қазақстан мен Ресей арасындағы  сыртқы сауда айналымы  2016 жылдың қорытындысы бойынша  12,6 млрд теңгені құрады, ол 2015 жылмен салыстырғанда  16,2 пайызға төмен. Қазақстаннан Ресейге шығарылатын экспорт  22,8 пайызға төмендеп, 3,5 млрд долларды құрады.

Бұл мұнай жеткізу көлемі  554,8 млн долларға төмендегенінің салдарынан болып отыр.

Қазақстанның Ресейден келетін импорты  9,1 млрд долларды құрады, ол  2015 жылдың көрсеткішінен 13,3 пайызға төмен.

Жеңіл автомобильдердің импорты  423 млн долларға азайды – 621,9 – 199 млн долларға.  Ұшу аппараттары (ұшақ, тікұшақ) 148 млн долларға, метал құрылымдары – 103,2 млн долларға, мұнай өнімдері 93,6 млн долларға төмендеді.

Қазақстанның Ресей аймақтарымен өзара саудасын қарастыратын болсақ, бірінші орында Орталық федералды аймақ 36 пайыз үлеспен тұр, екінші және үшінші орындарды 19 пайыздан  Приволжский мен Орал федералды округтары бөліп алған.

Барлық жаңалықтар