• Басты
  • «Нұрлы жол» вокзалы ТМД-да бірегей болып саналады (ФОТОРЕПОРТАЖ)
31 Мамыр, 2017 16:34

«Нұрлы жол» вокзалы ТМД-да бірегей болып саналады (ФОТОРЕПОРТАЖ)

ТМД-дағы бірегей «Нұрлы жол» вокзалының өткізу қуаттылығы тәулігіне 35 мың жолаушы болады. Ал, қазіргі әрекеттегі вокзал тәулігіне 18 мың адамды өткізе алады.
«Нұрлы жол» вокзалы    ТМД-да бірегей болып саналады  (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Вокзал шаруашылығын дамыту  және пайдалануға беру  жөніндегі атқарушы директор  Жұбан Көрпебаев БАҚ өкілдеріне  жаңа вокзал бойынша экскурсия жасады. 

«Нысан бірегей, 6 қабаттан тұрады, 6 жіберу пункті бар, олар үшінші қабат деңгейінде  вокзалға ене алады.  Жолаушыларды  перронда  отырғызу мен түсіру  үшінші қабатта орналасқан», - деді Ж.Көрпебаев.

«Нұрлы жол»  вокзалының  1-2 қабаты – 740 автомобильге арналған  тұрақ, 3 қабат –  жолаушыларды жаңбыр мен қардан  қорғайтын  перрон.

4 қабат негізгі бөлу залы болып снаалады,  онда күту залы,  10 билет кассасы,  анықтамалық бюро бар. Сондай-ақ, жолаушылардың жайлылығына арналған бутиктерден қажетті заттарды сатып алуға болады. 5-ші қабатта  күту залымен қоса, мейрамханалар, кафелер бар. 6 қабат қызмет персоналына арналған. 

Жұбан Көрпебаев айтып өткендей, фокзал барлық талаптарға сай. Бұл жерде  16 кіру топтары, 510 видеобақылау камералары бар.  Лаңкестіктен сақтау үшін алдын ала тексеру қондырғыларымен жабдықталған. Нысанның іші мен сыртында тәртіпті қадағалау тәулік бойы жүргізіледі. 

Вокзалға күн сайын  54 пойыз келеді, вокзал тәулігіне  20 мыңнан кем емес жолаушыны қабылдайды. Әрбір шығу жолына жеке экскалатор апарады.

Вокзалдың орналасқан орны туралы айтатын болсақ, елорданың іскерлік орталығына жақын, бұл басымдылыққа ие.

Нысанның алаңы  120 мың шаршы метрді құрап отыр, мүмкіндігі шектеулі  жолаушыларды ауыстыруға барлық  жағдай жасалған. Арнайы кассалар мен Брайля  әліпбиін қолданатын ақпараттық таблолар бар.

Негізгі залдан бөлек қонақ үй бөлмелері, сақтау камералары мен ана, бала бөлмесі, медициналық кабинеттер, фудкорт пен мейрамхана,  1500  орынға арналған  ішкі және сыртқы паркингтер бар.

Сондай-ақ, жолаушылардың ыңғайлығы үшін «Нрлы Жол» вокзалында кезекті басқару, билеттерді электронды сатып алу мен  интернетке шығыс бар.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  жаңа теміржол вокзалын аша отырып,  вокзал посткеңестік кеңістік пен еуропада бірегей екенін айтып өтті.

Гүлтай Хасенова 

Фото: Қайрат  Жандыбаев

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды